Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» Кәмелетке толмағандардың жасаған қылмыстары 44%-ға төмендеген

Кәмелетке толмағандардың жасаған қылмыстары 44%-ға төмендеген



Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.

Жиында кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалған қылмыстардың, отбасы тұрмыстық қарым-қатынастағы құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары талқыланды.
Аймақ басшысы кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар проблемасы қазіргі уақытта қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті.
«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Өз жолдауында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейтуді тапсырып, жасөспірімдер арасындағы құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыруды міндеттеді.
2022 жылдың қорытындысымен республика бойынша кәмелет жасына толмағандармен жасалған қылмыстар 14%-ға өсім алса, оларға қарсы жасалған қылмыстар 4%-ға төмендеген. Өңірімізде, кәмелет жасына толмағандармен жасалған қылмыстар 44%-ға, оларға қарсы жасалған қылмыстар 31%-ға төмендеген. Дегенмен, қылмыс саны азайды деп бұл бағыттағы жұмыстарды әлсіретуге болмайды», – деді облыс әкімі.
Аймақ басшысы кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер арасында суицид, құқық бұзушылық орын алған жағдайда сол бала білім алатын оқу орны басшысының қызметіне қатысты жауапкершілігі қаралатындығын ескертті.
«Дені сау, білімді, тәрбиелі ұрпақ өсіру баршамыздың ортақ міндетіміз. Баланың теріс іс-әрекетіне тек полиция немесе білім ұйымдары емес, ата-ана, бүкіл қоғам жауапты», – деді аймақ басшысы.
Күн тәртібіндегі екінші мәселеге қатысты Нұрлыбек Машбекұлы соңғы жылдары аймақта отбасылық зорлық-зомбылық қылмыс оқиғалары жиілегенін атап өтіп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен жанұялардың жағдайына тұрақты түрде мониторинг жүргізу қажеттігін ескертті.
Комиссия отырысында облыстық полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Шамшидин Амитов пен облыстық білім, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары өңірде құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.
Жиын қорытындысымен жауапты мекеме басшылары мен қала, аудан әкімдеріне аталған мәселелерді қатаң бақылауға алып, профилактикалық жұмыстарды күшейту тапсырылды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
---
10 ақпан 2023 ж. 312 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031