Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастар тәрбиесі қоғамның қаперінде болу керек

Жастар тәрбиесі қоғамның қаперінде болу керек


Шиелі аудандық прокуратурасында аудан прокуроры Н.Дүйсенбаевтың бастамасымен «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы» тақырыбында ведомствоаралық мәжіліс өткізілді.
Мәжіліске аудан прокуроры, аудан әкімінің орынбасары, полиция бөлімінің бастығы төрағалық етіп, қорғаныс бөлімі, ауданаралық аурухана аяжандары, орталық мешіттің бас имамы, Шиелі аудандық индустриалды-аграрлық колледжінің қызметкерлері мен студенттері, білім беру ұйымдары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Жиынның мақсаты – мүдделі органдармен кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың, суицид, жыныстық қол сұғылмаушылықтың, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытындағы жұмыстарды пысықтап, алдағы уақытта атқарылатын шараларды белгілеу.
Осы тұрғыда аға прокурор С.Орынбасардың баяндамасы тыңдалып, мүдделі органдармен жол берілген кемшіліктер айтылды. Былтыр ауданда 5 қылмыс орын алып, оның екеуіне мектеп оқушылары қатысса, қалғаны колледж студенттеріне қатысты іс болған.
Аудандық прокуратурамен бекітілген іс-шаралар жоспары бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында уәкілетті органдармен атқарылған жұмыстың есебі тыңдалып, нақты тапсырмалар берілді.
Осындай бірлескен пәрменді жұмыстардың нәтижесінде ағымдағы жылдың өткен мерзімінде кәмелетке толмағандармен қылмыс орын алмаған.
Кәмелетке толмаған балаларды теріс әрекеттерден арашалаушы ата-ана, білім беру ұйымдары мен құқық қорғау органдары. Бұл ретте, кәмелетке толмағандармен жұмыс жүргізуді тек құзырлы органдарға жүктемей, ата-аналар да бала тәрбиесіне аса көңіл бөлуі тиіс.
Жиында сөз алған аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов жүгенсіз кеткен жастардың тәрбиесі тек құзырлы органдардың жұмысы еместігін айтып, жастарды қоғам болып тәрбиелеу керектігін ескертті. «Бірлескен жұмыстар жүргізілген жағдайда ғана, құқық бұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік болады. Сондықтан, әрбір құқық бұзушылықпен күрес мәселесінде санамызды өзгертіп, қоғамның кеселін емдеу баршаның ортақ жұмысы ретінде санап, жаңаша көзқараспен қарауымыз қажет – деді, аудан әкімінің орынбасары А.Әбілқасымұлы.

«Өскен өңір» ақпарат
24 наурыз 2021 ж. 627 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930