Мәслихаттар сайлауы
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » құқық бұзу қылмыс

құқық бұзу қылмыс


14 наурызда Телікөл ауылы №214 орта мектебінде, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі, аудандық ішкі істер бөлімі, аудандық білім бөлімі, аудандық емхана мамандарының қатысуымен «Кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу» бағытында мектеп оқушыларының қатысуымен кеңейтілген отырыс өтті.
Күн тәртібінде 5 мәселе қаралды.
Кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен бұзақылықтың алдын алу бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарының орындалуы жөнінде-аудандық ішкі істер бөлімі ювеналды полиция тобының аға инспекторы, полиция капитаны А.Мадиев.

Білім мекемелерінде жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық, бұзақылықтың алдын алудағы профилактикалық шаралар жайлы-аудандық білім бөлімінің бас маманы Т.Бөпежанов.
Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы атқарылған жұмыстар туралы-«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры А.Маманова.
Құқық бұзушылық пен бұзақылықтың алдын алу бойынша жасөспірімдерді салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағыттау жұмыстары жөнінде-абулаториялық – емханалық қызметі бар Шиелі аудандық орталық ауруханасының психологі И Шалбаева.
Жасөспірімдер мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жобалар, іс шаралардың ұйымдастырылуы - №214 мектеп директоры Ү.Ахметовтер баяндама жасады.
Жиын соңы сұрақ-жауаппен жалғасын тапты.
19 наурыз 2018 ж. 3 265 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (9455).

21 қараша 2026 ж.

№87 (9454)

17 қараша 2026 ж.

№86 (9453).

14 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30