Құқық бұзушылық пен қылмыстық жағдай және оның алдын алу жайлы ведомствоаралық жәжіліс өтті

Шиелі кентіндегі «Арман» мәдениет үйінде өткен мәжілісте Шиелі ауданы прокурорының орынбасары А.Абдуллаев 2019 жылы орын алған қылмыстылық жағдайлар мен олардың алдын алу шаралары туралы баяндама оқыды.
Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Б. Жаниязов мемлекеттік органдармен жасалған профилактикалық шаралар туралы талқылады.
Шиелі аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары биылғы жылы тіркелген құқықбұзушылықтар мен олардың салдарын баяндады.
Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Е. Меңлібеков жердің мақсатына сәйкес пайдаланылуы мен игерілу дәрежесі туралы түсіндірді. Аудан прокуроры Н. Дүйсенбаев аудандағы есірткі қылмысына қатысты нақты сұрақтар қойып, жер бөлімінің тарапынан да қатаң бақылау жүргізілуін талап етті.
Аудан прокуроры Н.Дүйсенбаевтың және аудан әкімі Ә.Оразбекұлының тарапынан баяндамашыларға түрлі сұрақтар қойылып, осы жылы белең алған ауыр қылмыстардың қайталанбауы үшін қатаң тапсырмалар берілді.
Мәжіліс соңында аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Архабаев Пердәлі қозғалған тақырыптарға байланысты ұсыныс-пікірлерін білдіріп, ардагерлік ақылын айтты.