Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » МАЛ ҰРЛЫҒЫ ӨРШІП ТҰР

МАЛ ҰРЛЫҒЫ ӨРШІП ТҰР

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ Ð¼Ð°Ð» Ò±ÑлÑÒÑШиелі ауданы прокуроры Әліби Зейнуллаұлының ұсынысына сәйкес бөтен мүлік ұрлығы, мал ұрлығы, бұзақылық, есірткі өсімдіктерін егу, алаяқтық қылмыстарының өсім алуына байланысты өткен мүдделі органдардың құқық бұзушылықпен күресте атқаратын жұмыстарын пысықтап, міндеттерді айқындау үшін ведомствоаралық мәжілісте 3 мәселе қаралды.
         Бүгінгі күнде өзектілігін жоймай тұрған мал ұрлығы басты мәселелердің бірі. Әсіресе, ауылдық жерлерде жаппай етек алған мал ұрлығы тәртіп сақшыларын да қатты алаңдатып отыр. Осы мәселе төңірегінде атқарылған шаралар туралы аудан әкімінің орынбасары Б.Ысмағұлов баяндама жасады. Бірінің қорада тұрған іріқарасын, енді бірінің өрістегін түлігін қолды еткен ұрыларға тосқауыл қоятын уақыт жетті. Жыл он екі ай бойы күтіп-бағып отырған малынан бір күнде айырылып қалу – ауыл тұқрғындары үшін үлкен трагедия. Өзгенің малын әкесінен қалған мұрадай оңды-солды сатып, басқаның есебінен байымақ болғандар заң алдында жауапқа тартылуы тиіс. Осындайда қылмыстың алдын алуда жүйелі тәртіппен жұмыс істейтін полиция қызметкерлері мал ұрлығының алдын алып, ірі көлемде айыппұл салса ұрлық саны да азаяр деген үміт те қылау беріп қалады санамызда.
         Одан әрі ауданда өсім алған қылмыстың алдын алу бағыты бойынша жүргізілген жұмыстар барысын аудандық полиция бөлімінің басшысы С.Тоқтыбаев баяндады. Мәжілісте халық арасында малды иесіз қалдырмау, жұмыссыз жүрген адамдарды бақташылыққа тарту мәселелерін қолға алу керектігі айтылды. Ал алкоголь өнімдерінің арнайы лицензиясыз сатылуын алдын алу туралы аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Б.Оразов тарқатып айтты.


Гүлнәр ӘБДІХАНИҚЫЗЫ
24 қыркүйек 2019 ж. 930 0