Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Суицид – алаңдатарлық құбылыс

Суицид – алаңдатарлық құбылыс

Бұрнағы күні аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Комиссия отырысын аудан әкімі Әшім Оразбекұлы жүргізді.
Күн тәртібіндегі қаралған 3 мәселенің бірі кәмелетке толмағандарға қарсы және олармен жасалған қылмыстар бойынша атқарылған шаралар төңірегінде болды. Аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының аға инспекторы Ғалия Пірманова баяндама жасап, орын алған қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға байланысты қолданылған жазаларды айтып өтті. Сондай-ақ, аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Сейілханов та баяндама жасап, жасөспірімдер арасындағы қылмастарды тарқатты.
Өз-өзіне қол жұмсау – бұл бір адамның немесе оның айналасындағылардың ғана психологиялық проблемасы емес. Бұл – микро-көзқарас және мәселенің тек салдары. Негізгі себептерін тереңірек іздеу керек. Өзін-өзі өлтіру жағдайы – қоғамның әлеуметтік әл-ауқатының барометрі. Күн тәртібінде қаралған екінші мәселе осы аудандағы суицидтің алдын-алу жолдары болды. Комиссия отырысында Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Шиелі аудандық орталық ауруханасы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері Нұрлан Әмір аталған тақырыпта баяндама жасады. Алдағы уақытта «өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу» тақырыбында түсіндірме жиналыстар өткізу, суицидке тәуекелі жоғары жандарға психологиялық көмек көрсету кабинетін ашу, суицидке бейімділікті анықтау мақсатында ересектер арасында сауалнамалар жүргізу, әлеуметтік желілердегі қауіпті топтардан сақтануларын ескерту сынды жұмыстарды жүргізу тапсырылды. Одан әрі аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының тапсырмаларының орындалу барысы жайында Шиелі ауданы әкімі аппаратының басшысы Ғ.Күлбаев хабарлама жасады.

Г.ДҮЙСЕБАЙ

28 қыркүйек 2019 ж. 990 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031