ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮКТЕГЕН ЖИЫН
Аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында Ә.Оразбекұлының төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомства аралық комиссия отырысы болып өтті. Комиссия отырысының күн тәртібінде төрт мәселе қаралып, алғашқысы бойынша аудан прокурорының орынбасары Ардақ Әбдікәрімов баяндама жасап, құқық бұзушылықтың өсім алып отырғандығын жеткізді. 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылдың 12 айында ауыр қылмыстар 51 пайыздан 61 пайызға өсім көрсеткен. Денсаулыққа ауыр зиян келтіру, тонау және алаяқтықта да өсімнің бар болғандығын білдік А.Мұхитұлының сөзінен. Тиісінше, 2018 жылдың екі айында қылмыс түрі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 30 пайызға төмендегенмен жасөспірімдермен жасалатын қылмыстар 100 пайызға өсім алғандығын атап өтті.
Күн тәртібіндегі екінші, үшінші мәселелер бойынша баяндама жасаған АІІБ бастығы Серік Тоқтыбаев, АІІБ Жергілікті полиция қызметінің бастығы Досбол Төлеуовтер қылмыстың алдын алуда тиісті жұмыстар барынша жүріп жатқандығын айта кетті. Аудан әкімі Ә.Оразбекұлы жұмыстың бағасы баяндама емес екендігін айтып, «баяндама жасап, бас изеп кете беретін кез емес», – деп жүйелі жұмыстарды қатаң тапсырды. Комиссия отырысында берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалмауын сынға алған аудан әкімі аппарат басшысы Ғ.Күлбаевқа сол тізімдегі бірнеше ауыл әкімінің қызметтік тәртібін қарауға ұсыныс беруді тапсырды.
Комиссия отырысында қаралған өзекті мәселелердің бірі – есірткімен күрес болды. Өзектілігін жоғалтпай келе жатқан аталған мәселеде де тиісті тапсырмалар әлі күнге дейін орындалмай келеді. АІІБ, Жергілікті полиция қызметі және ауылдық округ әкімдері бірлесе отырып өз әкімшілік аумақтарының карталық шекараларын белгілеп, тиісінше сол аумақтарды жіті бақылап отыру осыған дейінгі комиссия отырыстарында сөз болған болатын. 3 жылда анықталған есірткі егетін аумақтар және өзге де бейім жерлердің картасы әзірленіп, сол жерлерді 4 топқа бөлініп, жауаптылары анықталуы тапсырылды. Нақты іске көшетін кез әлдеқашан жеткендігін айтқан аудан әкімі жиынға қатысқандарға жүйелі міндеттер жүктеді.
«Өскен өңір» ақпарат.