Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БАЛАЛАРДЫ БІРГЕ ҚОРҒАЙЫҚ!

БАЛАЛАРДЫ БІРГЕ ҚОРҒАЙЫҚ!

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу прокуратура органы қызметінің басым бағыттарының бірі.
Қылмыстардың көпшілігі түнгі уақытта орын алады. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта бейберекет жүруі оларға қарсы немесе олармен құқық бұзушылықтың орын алуына жағдай жасайды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың жарлығымен 2022ж. "Балалар жылы" болып жарияланды.
Шиелі ауданы прокуратурасының бастамасымен уәкілетті органдармен бірлесіп кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында көптеген шаралар ұйымдастырылды.
Бұған қарамастан балалар арасында қылмыстар толастар емес.
Бір ғана мысал ағымдағы жылы демалыс уақытында кәмелетке толмаған бала ересек азаматтармен бірлесіп кент орталығында қоршау қақпасын ұрлаған.
Сол сияқты ағымдағы жылы демалыс уақыттарында көрші аудандарда топтық төбелес жағдайлары орын алып, бірнеше жасөспірім дене жарақаттарын алған. Әрбір ата-ана бала үшін негізгі жауаптылықта болады.
Сондықтан балалардың бос уақыттарын тиімді үйлестіріп, аса көңіл бөлуге шақырамыз.

Шиелі ауданының прокуроры Н.Дүйсенбаев

29 наурыз 2022 ж. 1 098 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

№55 (9422).

25 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31