Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол ЖОҚ!

Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол ЖОҚ!

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – ол отбасы мүшесінің басқа отбасы мүшесіне, сонымен қатар, үй пәтерде бірге тұрып жатқан адамға немесе бөлек тұрып жатқан бұрынғы күйеуі не әйеліне көрсетілетін зорлық-зомбылық.
«Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» Заңға сәйкес зорлық-зомбылық физикалық, психологиялық, жыныстық және экономикалық болып бөлінеді. Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық мемлекеттің даму деңгейі мен мәдени хал-ахуалына қарамастан, әлемнің барлық елдерінде кездесетін мәселе. Біздің елімізде осындай жағдайлар жиі кездеседі. Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз немесе ондай қауіп басыңызға төніп тұрғанын сезсеңіз, онда құқық қорғау органдарының көмегіне жүгініңіз. Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықты алғашқы кезеңінде, тіпті қол жұмсау әрекетінің алдын алуға болады. Заң бұзушылықтардың негізгі жағдайларын жинақтап, сіздің және полиция қызметкерінің әрекетін көрсетуге тырысайық: Бірінші жағдайда адам сізге байланысты әкімшілік заң бұзушылықпен қылмыс жасаған жоқ. Алайда өзінің әрекеттерін сіздің еркіңізге қарсы жүзеге асырады, сол арқылы сіздің өміріңізді қиындатады. Егер осылай болса, онда сіз полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінгеніңіз жөн. Осындай жағдайда полиция қызметкерлері құқық бұзушымен профилактикалық әңгімелер жүргізіп, құқық бұзушыны қорғау нұсқамасына алып, заң шеңберінде профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеңіз!

Фарида СаҚтаҒанова,
Шиелі АПБ-нің ЖПҚ-нің ӘЗЗҚт-ның
аға инспекторы, полиция майоры
27 қараша 2023 ж. 272 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930