Зорлық-зомбылыққа жол жоқ
Зорлық-зомбылық өз алдына тек жәбірленушілердің құқықтарын бұзып қана қоймай, өскелең ұрпақ үшін теріс үлгі болып келеді. Статистика бойынша отбасындағы зорлық-зомбылық әйел адамдарға қатысты жасалады, егде адамдар мен балалар зорлық-зомбылық әрекеттерге тап болатын жағдайлар да аз емес.Тұрмыстық зорлық-зомбылық сол күйінде маңызды әлеуметтік проблема болып қалып отыр.
Отбасындағы зорлық-зомбылық фактілерінің алдын алудың тіптен жаңа жолдарын іздестіру маңызды. Осындай әрекеттердің алдын алуда әлеуметтік-құқықтық шараларға басымдық беру керек. Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен сәтті күрес жүргізудің негізгі шарты – қоғамның көзқарасын өзгерту. Ол үшін қоғамдық сана мен қалыптасқан стереотиптерді түбегейлі өзгертіп, отбасындағы зорлық-зомбылықтың салдарына сәйкес түсінік қалыптастыру қажет, қоғамға қарсы мінез-құлықты еркімен жібермеу керек. Әрбір жазасыз қалған үй бұзақысы өзінің бойында бұдан да ауыр құқық бұзушылықтарды жасауға негіз болатын жауапсыздық сезімін дамытады.
Бұл жұмыстың сәтті жүруіне мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының біріккен күшінің нығаюы септігін тигізеді, әсіресе отбасындағы зорлық-зомбылық проблемаларын практикалық тұрғыда шешумен айналысатын үкіметтік емес ұйымдармен әрекеттестіктің зор ықпалы бар.
А.Табиғатова,
аудандық соттың бас маманы.