Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермейік
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 04.06.2021 жылғы №1-5-2-36/1736-И нұсқауына сәйкес, аудан көлемінде отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында жасалатын қылмыстардың алдын алу мен жолын кесу мақсатында, ағымдағы жылдың маусым айының 09-16 күндері аралығында «ТҰРМЫС» жедел профилактикалық іс шарасын өткізілуде.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» және «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңдарының талаптарын орындау мақсатында, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды ескерту және алдын алу, қылмыс пен құқық бұзушылыққа бейім тұлғаларға қатысты қорғау нұсқамасын шығару, ерекше талап белгілеу, профилактикалық есепте тұратын адамдармен профилактикалық жұмыс ұйымдастыру, сондай-ақ, ақпараттық-насихаттау болып табылады.

Бүгінде отбасындағы зорлық-зомбылық жағдайлары өте жиі кездеседі. Көбінесе, адамдар бұл туралы ашық айтпайды. Ол дұрыс емес. ҚР-ның Конституциясында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, әркімнің ар-намысымен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар деп анық жазылған. Зорлық-зомбылық азаматтардың құқығын бұзатын бір адамның екінші адамға тәндік немесе психологиялық ықпал етуі. Түрлі тәсілдермен ұрып соғу, дене жарақатын салу, азаптау (азапқа салу және денсаулыққа зиян келтіру), адам психикасына әсер етіп (жүйкесінің тозуы немесе тіпті жынданып кетуін тудыруы мүмкін) қорқыту, тәнге жарақат салу тағы басқалары. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа көбінесе зардап шегетіндер – әйелдер мен жас балалар.
Бала үшін ата-анасының үйі әрқашан ең қауіпсіз жер бола бермейтінін айғақтайтын фактілер жиі кездеседі. Балаларға әсіресе, кішкентайларға зорлық-зомбылық отбасы ішінде көрсетілуі көзге түсе қоймағандықтан, көп жағдайда мойындалмайды. Дөрекілік, балаға күш көрсету, зорлық-зомбылық жасау олардың бағдарын өзгертеді, сайып келгенде қылмыс жасауға алып келеді. Ол өз-өзіне қол жұмсауға алып келуі де мүмкін.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық бұл қылмыс, бір басталса ол өздігінен доғарылмайды. Зорлық-зомбылыққа жол бермеңіз, үй ішіндегі зорлық-зомбылық туралы ашық айтыңыз! Зорлық-зомбылық қайталануы мүмкін екенін есіңізден шығармаңыз, үнсіз қалмаңыз, бұл жайында 102 нөмеріне қоңырау шалыңыз!
Назерке Көрпебаева,
Шиелі ауданы Полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының
Шиелі ауданы Полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының
аға инспекторы