Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол ЖОҚ!
Егер Сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, немесе ондай қауіп басыңызға төніп тұрғанын сезсеңіз, онда құқық қорғау органдарының көмегіне жүгініңіз. Отбасындағы тұрмыстық зорлық – зомбылықты алғашқы кезеңінде, тіпті қол жұмсау әрекетінің алдын-алуға болады. Заң бұзушылықтардың негізгі жағдайларын жинақтап, Сіздің және полиция қызметкерінің әрекетін көрсетуге тырысайык: Бірінші жағдайда адам Сізге байланысты әкімшілік заң бұзушылықпен қылмыс жасаған жоқ. Алайда өзінің әрекеттерін сіздің еркіңізге қарсы жүзеге асырады, сол арқылы |Сіздің өміріңізді қиындатады. Егер осылай болса, онда Сіз полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінгеніңіз жөн. Осындай жағдайда полиция қызметкерлері құқық бұзушымен профилактикалық әңгімелер жүргізеді. Егер бұл жеткіліксіз болса, онда ол құқық бұзушы қорғау нұсқамасына алынып тиісті деңгейде заң шеңберінде профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеңіз!
Шиелі ауданы полиция бөлімінің
әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының
аға инспекторы
Көрпебаева Назерке Сақтапбергенқызы.