Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Отбасындағы зорлық-зомбылық қоғамға қауіпті

Отбасындағы зорлық-зомбылық қоғамға қауіпті


Кейбір әйелдер үшін өзінің ошағы көшеден де қауіпті. Егер сізге осы уақытқа дейін күйеуіңіз тарапынан қиянат жасалған болса, онда сіздің өміріңіз қатер үстінде. Зорлық-зомбылықтың құрбанына айналмай, өзіңіздің қауіпсіздігіңіз үшін ойланыңыз.
Отбасындағы зорлық-зомбылық қоғамның өзекті әрі өткір мәселесінің бірі. Алайда, осы мәселенің шешімін табу құқықтық, әлеуметтік және экономикалық шараларды бір уақытта қабылдаған жағдайда ғана мүмкін болмақ.
Көп жағдайда көрші есіктің ар жағында әйелдің соққыға жығылып жатқанына сену қиынға түседі. Осындай он жағдайдың тоғызында зорлыққа айыпты еркек болып шығады. Көбінесе бұл еркек жапа шеккен әйелдің күйеуі немесе көңілдесі, бірақ, кей кезде ұлы, әкесі, бұрынғы күйеуі немесе отбасының өзге де мүшелері болып шығуы мүмкін.
Бәрімізде отбасындағы зорлық-зомбылықтың куәгері болып жүрміз. Әрқайсымыз құрбымыздың көзінің көгеріп жүргенін көрген шығармыз немесе көрші үйден шығып жататын айқай-шуды да естідік. Бірақ, «ерлі зайыптының арасына есі кеткен түседі» деген мақалға сүйеніп, отбасылық кикілжіңдерден бойды аулақ салуға ұмтыламыз. Сондықтан, ондай жағдайларға бей-жай қарамаңыздар!

Құрметті әйелдер!
Егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраса, онда үнсіз қалмаңыз! Сіз өзіңіз тұратын мекен-жайыңызға қарасты учаскелік полиция пунктіне немесе Шиелі кенті, М.Шоқай көшесі №5, №30 қызметтік кабинетте орналасқан әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобына хабарласа аласыз.
Одан бөлек 4-23-93 нөмірі бойынша сенім телефоны жұмыс жасайтынын еске саламыз. Шалынған қоңыраулар құпия сақталады.


Ф.Досболова,
Шиелі АПБ-і ЖПҚб-нің ӘЗЗҚт-ның инспекторы, полиция аға лейтенанты.
30 наурыз 2019 ж. 2 402 0