Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жамбыл Жабаевтың туғанына 178 жыл толды

Жамбыл Жабаевтың туғанына 178 жыл толды

Жыр алыбы – Жамбылдың туғанына 178 жыл. Қазақтың маңдайына біткен алып тұлға 1846 жылдың 28 ақпанында Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жамбыл Жабаев Ұлы жүздің шапырашты тайпасының екей руынан шыққан. Арғы аталары дәулетті болса да, Жамбылдың әкесі Жапа шаруа кісі болған.

Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен-ақ таныла бастаған. Бозбала шағынан ортасын ән мен жырға кенелтіп, көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылған. Сол кезде көпшіліктің аузынан түспей жүрген Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, оның батасын алған.

Жамбыл «Шағым», «Жылқышы», «Шәбденге», «Сәт сайланарда», «Өстепкеде», «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» өлеңдерінде елдің әлеуметтік саяси өмірін көрсеткен. Жамбыл Жабаев шығармашылығының шарықтау шегі тоқсан жастан асқан шағына тура келеді. 1936 жылы Мәскеуде өткен Қазақстанның онкүндігінде шымылдығын Жамбыл ашты. 360 өнерпаз барған бұл мәдениет күндерінде жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың, әнші Күләш Байсейітованың абыройы асқақтады. Жамбыл сол жылы «Еңбек Қызыл ту» орденімен марапатталды.

Жамбылдың шығармалары әлемнің ондаған тіліне аударылып дүние жүзіне тарады. Жамбыл көзінің тірісінде КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған. Ақынның «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр», «Көрұғлы», «Бақ, дәулет, ақыл» дастандары бар.

Ақынның соғыс жылдары отан қорғау тақырыбына арнап жазған өлеңдері үш мың жолды құрайды. Әсіресе, «Ленинградтық өренім», «Москваға», «Майданға хат» сынды өлеңдері бар. Жамбыл ақын өмір мен өлім арпалысына түскен жауынгерлерге отты жырлары арқылы жігер беруге тырысқан.

Жамбыл 1945 жылдың 22 маусымында Алматы облысының Ұзынағаш елді мекенінде 99 жасында дүниеден өтті.
29 ақпан 2024 ж. 148 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930