ЕЛ ЕРТЕҢІ - БІЛІМДІ ЖАСТАР
28 сәуір - Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай Шиелі аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитеті мен аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, ауданымыздың білім саласы жастарына арналған шара өткізілді.
Шара барысында, аудандық мәслихат депутаттары Тұрабаев Мұрат Өскенбайұлы, Жүсіпов Қанат Жаңабатырұлы, Шалекеева Нұргүл Тәңірбергенқызы және Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Есенбаев Кенжехан Шахизатұлымен «Еркін пікір» диалог алаңында кездесті. Кездесу барысында халық қалаулылары жастармен жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы баяндап, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.
Диалог алаңы «Таза Қазақстан» акциясы аясына, орталық ауласына гүлдер отырғызып, үлес қосумен жалғасын тапты.
Келесі, табиғат аясында тимбилдинг өтті. Бағдарламасы түрлі ойындардан тұрған тимбилдинг тартысты, әрі қызықты өтті.
Белсенді жас ұстаздарымызға арналған шараларымыз жалғасын таба бермек.