Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БІЛІКТІ ҰСТАЗДАН - ЖІГЕРЛІ ЖАСТАРҒА

БІЛІКТІ ҰСТАЗДАН - ЖІГЕРЛІ ЖАСТАРҒА

Шиелі аудандық кітапханасында білім қызметкерлері кәсіподағы аудандық комитеті мен «Самғау» жастар кеңесінің ұйымдастыруымен Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Жібек Орынбайқызымен жас ұстаздардың еркін форматта кездесуі өткізілді.
Кездесу барысында бөлім басшысы білім саласындағы жаңалықтар, жетістіктер мен алдағы межелерге тоқталып өтті. Сондай-ақ өмір белестеріндегі қызықты естеліктерімен бөлісе отырып, жастарға жаңа серпіліс берді.
Бұл кездесу жастар үшін тың идеялар мен жаңа шешімдер әкелген бірегей алаң болды.
Жас педагогтар ауданымыздың бас ұстазына толғандырған сұрақтарын қоя отырып, ұсыныстарын айтты. Кездесу өте қызықты әрі мазмұнды болды.
04 наурыз 2024 ж. 268 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9401).

09 мамыр 2026 ж.

№33 (9400).

05 мамыр 2026 ж.

№32 (9399).

01 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031