Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шиелілік жастар «Жайдарман» ойнады

Шиелілік жастар «Жайдарман» ойнады


Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімінің қолдауымен ­«Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Б.Қабылұлы атындағы мәдениет үйінде мектеп оқушылары арасында маусымашар – 2023 лигасы өтті.


Жанды жадыратқан бұл жолғы жайдарманның тақырыбы «Әдемі маусым» деп аталды. Сайысқа жалпы білім беретін мектептердің оқушы жастарынан құралған 10 команда қатысты. 

Шараның басты мақсаты – жастардың бойында мәдениеттілік, рухани адамгершілік қасиеттерін дамыту, дарынды жастарға қолдау көрсете отырып, көрерменді әдемі әзілімен баурап, қатарластарынан оқ бойы озық тұрған бір командаға облыс әкімінің кубогын табыстау болатын. 
Әзілді кешке аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Кенжехан Шахизатұлы, «Біз біргеміз» қайырымдылық қорының жетекшісі Жасұлан Рысбек, облыстык жайдарман ойындарынын редакторы Мейрамбек Нұртаза және жайдарманшылар Дастан Әбжалиев пен Мұхаммеджан Зарқұм қазылық етті.

Белсенді, жалынды жастардың қызыққа толы ойындары нәтижиесінде «47 қырандары» командасы үздік деп танылып, облыстық ойынға жолдама алды. Шара соңында «Жайдарманға» қатысқан барлық командаға облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмахановтың алғыс хаты табысталды.
29 мамыр 2023 ж. 108 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (9200)

06 мамыр 2024 ж.

№35 (9199)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031