Көңілдерді жадыратқан жайдарман
Өткен аптаның соңында Б.Қабылұлы атындағы мәдениет сарайында түрлі ұжымдар арасында жайдарман сайысы өтті. Бүгінде тек жастардың емес, барлық буынның бұл өнерге деген қызығушылығы артқан. Жайдарман ойындарының деңгейі де жылдан-жылға жоғарылап, дамып келеді.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің мұрындық болуымен, «Береке-Жастар» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен түрлі ұжымдар арасында алты команда қатысты. Ойын жеңіл, еркін форматта өтіп, көрерменге қуаныш ұялатты. Жайдарманшылар түрлі тақырыптарды қамтып өтті. Талантты да, тапқыр жастар сахна төрінде тоғысып, өнерлерін ортаға салды. Өнерлі өрендер шеберліктерін ширатып, сайысқа қатысушылар бір-бірімен тәжірибе алмасты. Осындай шаралардың қатары сиремей, жиі ұйымдастырылса игі іс болар еді. Әсіресе, өскелең ұрпақ үшін үлкен бастама. Жайдарманда әзілкештер астарлы әзілдері әрбір көрермен көкейіне ой салып, мемлекеттік тілдің мерейін де өсірді.
Сайыста «Білім бөлімінің құрамасы» бірінші орынға ие болып, топ жарды. Ал, екінші орынды «Төңкеріс құрамасы» ұтып алса, үшінші орынға «Жөлек құрамасы» тұрақтады. Жеңімпаз командаларға қаржылай сыйлықтар табысталды. Жайдарман сайысына қатысқан «Еңбекші», «Бәйгеқұм», «Колледж» құрамалары арнайы алғыс хатпен марапатталып, ойын соңында естелік суретке түсті.
Ж.Қауғанбаева.