Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БИДАЙКӨЛДЕГІ БӘСЕКЕ

БИДАЙКӨЛДЕГІ БӘСЕКЕ



ӨТКЕН СЕНБІ КҮНІ БИДАЙКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ «АҚТОТЫ» ЖШС БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН БАЛАБАҚША ТӘЛІМГЕРЛЕРІ АРАСЫНДА АЙМАҚТЫҚ ЖАЙДАРМАН ОЙЫНЫНАН «БАЛАБАҚША – БАЗАРЛЫ ҮЙ» АТТЫ БАЙҚАУ БОЛЫП ӨТТІ.
Жайдарманшылардың жарысында «Нұртілек», «Үш батыр», «Балжанай», «Айсұлу – Ұ», «Сәлем», «Ай-Ару» балабақша тәрбиешілері бақтарын сынап, өнерлерін ортаға салды. Олар кәсіби өнерпаздар болмаса да, өнерге біртабан жақын екендіктерін көрсете білді.
Балабақша қызметкерлері өткір әзілдері арқылы көрермендерін күлкіге қарық етті. Әзілдерімен қосы арасында өмірдегі олқылықтарды араластырып, көрермендерінің көзін жасқа толтырған кездері де болды. Жарысқа қатысушылар сәлемдесу, бес әзіл, үй тапсырмасы сынды турларды бірінен бірі асып түсіп, мықтылықтарын көрсетті.
Төрешілердің ортақ шешімі бойынша «Ай-Ару» балабақшасы І орынға лайықты деп танылды. Ал, екінші орынды «Сәлем» балабақшасының тәрбиешілері алды. Сонымен қатар, ІІІ орынды «Айсұлу – Ұ» балабақшасы иемденіп, басқа да қатысушыларға алғыс хаттар мен сый-сияпаттар табыс етілді.

Е.БАЛТАБАЙҰЛЫ.
16 сәуір 2018 ж. 1 557 0