Өлкесін сүйген өрендер өнер сайысында
Елге игілік, адамға ырыздық сыйлайтын еңбекпен қатар, қоғамымызға рухани байлық та қажет. Халықтың жалғыз материалдық сұраныспен өмір сүрмейтіні әдебиет пен мәдениетке, өнерге деген ықыластан да көрінеді.
Осы ретте, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудандық балабақша тәрбиеленушілері арасында «Мәңгі сүйем сені, туған өлкем» ән байқауы өтті. Жаңатұрмыс ауылдық округінде ұйымдастырылған осынау ән додасына 10 балабақша атынан қатысқан балалар туған жер, отан, туған өлке тақырыптарындағы әндерді нақышына келтіре шырқады. Жас әншілердің өнері сахналық бейнесімен үйлесім тауып, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін ерекше ықыласпен жеткізді.
Әділ қазылар қатысушылардың өнерін вокалдық шеберлігі, сахнада өзін-өзі ұстауы, киген киіміне қарап баға берді. Кішкентай бүлдіршіндердің өнерге деген талпыныстарына қазылар алқасы ризашылықтарын білдірді. Олар үшін шешім шығару да оңай болмағаны анық. Өйткені, бүлдіршіндердің барлығы байқауға тыңғылықты әзірленгендігі көрініп-ақ тұрды. Арнайы тіктірілген киім үлгілері әрбір үміткердің жүректерінің толқуын жасырғандай.
Ә дегеннен-ақ «Әділет» жеке балабақшасының бүлдіршіні Р.Намазбай көрермендерді баурап, бас жүлдені жеңіп алды. Ал, «Күншуақ» балабашасының тәрбиеленушісі Г.Мұратқызы І орынды қанжығасына байласа, ІІ орындарға «Балбөбек» балабақшасынан келген А.Қыдырбек пен «Ақерке және К» балабақшасының өнерлі бұрымдысы А.Сандыбай лайық деп танылды. Жүлделі ІІІ орындарды «Шұғыла-2» балабақшасының атынан келген Р.Мұхамедали мен «Үміт» балабақшасының тәрбиеленушісі А.Асқарбек өзара бөлісті. Өзге өнерлі өрендер аталымдар бойынша марапатталып, барлық қатысушыларға сыйлықтар ұсынылды.
Д.Әбіласан.