ЕЛ ІШІ – ӨНЕР КЕНІШІ
Дарындарды дүниеге әкеліп, апталдарды алақанынан ұшырған Еңбекші – елге ерлерін қосқан ауылдардың бірі. Қарттары қазына, жастары жалын ауылдың өнерпаздары ауыл тұрғындарына әсерлі кеш сыйлады.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астананың 20 жылдығы және Шиелі ауданының 90 жылдығы мерейтойларына орай «Ел іші – өнер кеніші» атты аудандық байқау өтті. Ауыл ақсақалдары, жастары мен қонақтар қатысқан концерттік бағдарлама көрермен қошеметінен кенде болмады. Әсем ән, сырлы саз, домбыраның қоңыр үні мен мың бұралған бимен көмкерілген кешті Еңбекші ауылының өнерпаздары Ө.Исмаилдың «Шиелім» әнімен ашты. Байқауда бас көрсетіп, өнерін ортаға салған «Таугүлі» әжелер ансамблінің мүшелері М.Әнуарбекова мен Г.Баймұратовалардың орындауындағы халық әндері әсерлі кештің әрін кіргізді. Ауыл ағасы А.Өмірәлиев «Өсиет» термесімен тебірентіп, С.Баймұратов пен Ә.Ысқақовтар домбыра күмбірі мен баян үнінен базарлық жасады. Ауыл келіндерінің «Тарифтік сәлем салу» интермедиясы мен дәстүр дәріптелген тұсау кесер рәсімінің көріністері көрермен көкейіне кестеленді. Ауыл келіндерінен құралған бишілер тобы мен «Балауса» би үйірмесінің қыздары кербез өнерлерін көрерменге ұсынды.Елбасы Н.Назарбаевтың «Туған жер» бағдарламасын негізге ала отырып, мәдени құндылықтармен танысуға негізделген бұл шарада көрме ұйымдастырған мәдениет үйі қызметкерлері ауыл тіршілігін айқын аша білді.
Жаңа дарындарды анықтау, өзіндік ерекшеліктері бар орындаушыларға қолдау көрсету мақсатында Еңбекшіде ұйымдастырылған кештің қазылары Ә.Ноғайбаев пен И.Байкенжеев талпыныс пен өнер бар екенін айта келе, ризашылықтарын білдірді. Ауыл халқының, жасамысы мен жасының бірлесе өнер көрсетіп, тәрбие мен тағылым насихатталған кеште көрінуі көңілге қуаныш ұялатады. Ауылдағы ағайынға рухани демалыс сыйлаған кештен алған көрермен әсері де зор екенін анық байқайсың.
Бақытжан ЖОЛАМАНҰЛЫ.