Бес жасар қыздың биігі
Білімді ұрпақ – мемлекеттің келешегі, ал біліммен қатар өнердің туын желбіретіп жүрген жас өрендеріміз қаншама. Әр халықтың, әр ұлттың, адамзат қоғамының ертеңгі күнге үміт артар сенімі де, серігі де – балалар. Осы тұста жасөспірімдердің жұлдызы жанып, түрлі сыннан сүрінбей өтуге жол ашқан, қырағы көзді қазылар алқасынан әділ бағаларын алуға мүмкіндік берген, көпшілік қауым көрерменнің қошеметіне бөлендірген, жас таланттардың болашағына бағдар беретін республикалық «Өнерпаз болсаң» телебайқауының алатын орны ерекше.Аталмыш байқауда бақ сынаған Айназым Маратқызы «Айсұлу-Ұ» жеке балабақшасының тәрбиеленушісі. Өнерге жаны жақын қыздың талантын ұштауға балабақша меңгерушісі А.Есенова, әдіскер С.Әйтенова, музыка жетекшісі Ә.Аманбаева көп еңбек сіңірді. Тәрбиешінің үкілі үмітін арқалаған шиелілік 5 жасар бүлдіршін Айназым Қали І республикалық «Өнерпаз болсаң» телебайқауының
І дәрежелі лауреаты атанды. Кішкентай ғана балапанның бағындырар белесі көп болғай!
Г.ДҮЙСЕБАЙ.
І дәрежелі лауреаты атанды. Кішкентай ғана балапанның бағындырар белесі көп болғай!
Г.ДҮЙСЕБАЙ.