Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлт болашағы ұрпақ қолында

Ұлт болашағы ұрпақ қолында


«Талаптыға нұр жауар» деп қазақ халқы тегін айтпаса керек. Өнерге бейім, білімге құштар шәкіртіміз Шұғыла Ерланқызы №49 орта мектебінің 3-сынып оқушысы. Түрлі байқауға қатысып, көптеген белестерді бағындырған Шұғыла республикалық жас дарындарға арналған «Қазақстан болашағы» атты кітапқа енді.
Елбасы Н.Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында дарынды балалар мен жастарды қолдау керектігін тілге тиек етеді. Тиісінше жағдай жасайды. Жас қырандарды қанаттандырып, талантын ұштай түсетін байқаулар да жиі ұйымдастырылады. Сол биіктерді бағындырып, жеңіспен оралып жүрген Шұғыла Ерланқызы 2008 жылы Шиелі ауданы, Ақмая ауылында дүниге келген. Әжесі Анардың тәрбиесін көріп, өнерге жақын өскен жас дарын мектептегі іс-шараларда да өз белсенділігін көрсетіп келеді.
Мектептің бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары К.Палмұхамедова білімді оқушылардың қабілетін арттыру үшін әрбір байқаудың шарттарымен танысып, бейімі бар баланы дайындауды тапсырып отырады. Сондай шәкіртімнің бірі – Шұғыла жеңіс баспалдағының алғашқы кірпішін «Балалар интелектуалдық клубы» жобасы бойынша математика, әдебиет, дүниетану пәндерінен өткен Халықаралық Монопәндік олимпиадасында І орынды жеңіп алған сәтінде қалаған болатын. Одан әрі 2017 жылы Қызылорда қаласында өткізілген «Алатау шыңы» республикалық балалар мен жастар шығармашылығы байқауында «Ән салу өнері» айналымы бойынша бас жүлде иеленсе, Республикалық «Жеті өнер» және ХІ Халықаралық «Ақ көгершін» балалар шығармашылық фестиваль-байқауында І орынды жеңіп алады. Шығармашылықтан басқа пианинода шебер ойнайтын Шұғыланың он саусағынан өнер тамған өте білімді шәкірт.

Дариға Биманова,
№49 орта мектептің мұғалімі.
17 наурыз 2018 ж. 1 667 0