Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» егіздер әлемі

егіздер әлемі

Қостанай облысы, «Тәгіл» ауылы еліміздегі егіздердің ең көп туылатын аймақ екен. Соңғы 20 жылда бұл елді мекенде 29 жұп егіз бала дүние есігін ашқан көрінеді. Небәрі 1350 халық тұратын шағын ауыл үшін бұл – өте жоғары көрсеткіш. «Тәгіл» ауылының тұрғындары үшін қатар жүрген егіздер таңсық көрініс емес. Себебі, мұнда жылына бір немесе екі бірдей егіз жұптар туылуы қалыпты құбылысқа айналған. Жалпы, Қазақстан егіздерді өмірге алып келуі жөнінен әлемде 48 орында. Көш басында Нигерия елі тұр. Онда әрбір 22 адамға бір егізден келеді екен. Ал, бұл көрсеткіштің соңында Қытай елі тұр. Мәселен, онда 250 қытайға бір егізден келеді.
Осы деректерді тілге тиек еткен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сұлтанбек Оразымбетов пен қос егіздердің анасы Жанар Амантайқызы естеліктерімен бөлісіп, игі тілектерін тіледі. Байқауға қатысушы егіздер сахна төріне шықты. Олардың бір-біріне ұқсаған жүздері, бірдей үлгідегі киімдері жұрттың назарын аударып тұрды. №127 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушылары Әсет пен Есет Алқуаттар, №141 орта мектебінің 9-сынып оқушылары Саят пен Самат Сейттер, №156 мектептің 7-сынып оқушылары Дінмұхаммед пен Нұрмұхаммед Әбілдашевтар, №157 мектептің 4-сынып оқушылары Бағдаулет пен Нұрдаулет Ниязбаевтар, №181 мектептің 5-сынып оқушылары Құндыз бен Жұлдыз Шаймердендер, №50 Абай атындағы орта мектептің 1-сынып оқушылары Сырым Мұрсалиев пен Гүлім Мұрсалиева, №153 Ш.Есенов атындағы мектеп-лицейінің 1-сынып оқушылары Мөлдір мен Махаббат Бердіқұлдар, №47 мектеп-лицейінің 1-сынып оқушылары Мәди мен Әди Бейсенбектер, №41 мектептің 5-сынып оқушылары Абылайхан Пернахметов пен Гүлжахан Пернахметовалар, 4-сынып оқушылары Бекзат Пернахметов пен Айзат Пернахметовалар өз өнерлерін ортаға салды. Түрлі би биледі, әртүрлі тақырыпта әндер шырқады, мәнерлеп өлеңдер оқыды. Шараға қатысушылардың қошеметтеріне бөленді.
Ерекше көңіл күй сыйлаған шараның қорытынды сөзін аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Шамшат Оразымбет өзінің игі тілегімен қатар, ұйымдастыруға атсалысқан аудандық білім бөлімі мен №46 А.С.Пушкин атындағы мектеп ұжымына алғысын білдірді. Сондай-ақ, шараға қатысқан егіздердің ата-аналарын аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттап, сый-сияпатын тапсырып, естелік суретке түсіп, қорытындылады.

Ерұлан ДАТКЕНОВ.
---
05 желтоқсан 2017 ж. 1 924 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031