Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » еңбегі еленген ел азаматы

еңбегі еленген ел азаматы

– Алло
– Ерұланбысың?
– Иә. Хал-жағдайыңыз қалай аға?
– Жақсы. Өркен ағаңмын ғой. Бүгін облыстан қонақтар келіп, Жамалхан ағаңның кеудесіне төсбелгі тақпақшы. Қолың бос болса біз отырған жерге келесің бе?
– Жарайды аға, қазір 15 минуттан соң сонда боламын.
Жақсы жаңалық болса бізбен бөлісіп тұратын ауданымыздың құрметті азаматы Өркен Исмаилдың қоңырауынан соң, фотоаппаратымызды асынып аудандық мәслихат ғимаратына қарай бет алдық. Уақытында ауданымыздың өсіп-өркендеуіне атсалысқан бір топ ардагерлер бас қосып отыр екен. Араларында облыстық ауылшаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподақ бірлестігінің төрағасы Сахы Тұрсынбайұлы да бар екен.
Бір-бірлерімен танысып болған соң, Сахы Тұрсынбайұлы ауданымыздың құрметті азаматы Жамалхан Баетовтің еңбек жолын тілге тиек етіп, кеудесіне «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Еңбек ардагері» медалін тақты.
Ол, 1943 жылы Жаңақорған ауданы, «Қыраш» ауылында дүние есігін ашты. Мектептегі балалық шағы өткен соң, «Бірлік» кеңшарында екі жыл жұмыс істеп, жоғары оқу орнына жолдама алды. 1967 жылы Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын бітіріп, әскери борышын өтеген соң, «Сунақата» кеңшарында мал дәрігері болып жұмыс жасады. 1970 жылы Қызылқұмға жақын «Қарғалы» елді мекеніне көшіп барып бөлімше малдәрігері, 1973 жылдан «Қарғалы» совхозының бас мал дәрігері қызметін атқарды. Осы жылдар аралығында мал басын өсіруге өз үлесін қосып, жұмысы алға басты.
1975-1977 жылдары Шиелі ауданаралық малдәрігерлік мекемесінің бастығы болып істеді. Одан соң «Еңбекші» қаракөл қой сов­хозына бас малдәрігері қызметіне ауысып, қызметке деген жауапкершілік, адамдармен тіл табысу, ұйымдастырушылық қабілетімен танылған Ж.Баетов 1981 жылы «Еңбекші» совхозының директорлығына тағайындалады. Осы совхозды он жыл абыроймен басқарды. 1997 жылы қоршаған ортаны қорғау инспекциясының бастығы болып тағайындалып, бұл жұмысты ел алдында өзінің іскерлігі, адамгершілігі, біліктілігімен атқара жүріп, зейнеткерлікке шықты.
Бүгінгі күні бейнетінің зейнетін көріп отырған Жамалхан ағаны медалімен құттықтай отырып, отбасына амандық, деніне саулық тілейміз.

Ерұлан ДАТКЕНОВ.
15 қараша 2017 ж. 2 385 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930