өзгелер маған еліктейтін болады
− Өлең шығаратын өнер қайдан келген қасиет?
− Атам ақын болған. Ал, ағам Ержан Әміровты өздеріңіз білесіздер, аламан айтыстарға шығып, бақ сынаған айтыскер ақын. Қанға сіңген қасиет бір күні бүр жарып шығады екен. Сондықтан да болар өлеңге деген құрметім ерекше.
− Студенттік өмірдің төртінші жылын аяқтағалы жүр екенсің мамандығың, мақсатың қандай?
− Иә, Аллаға шүкір, Қызылорда қаласы «Болашақ» университетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алудамын. Бұл мамандықты таңдауда №206 Жиделіарық орта мектебіндегі Ұлболған апайымның ықпалы көп. Алғашқы өлеңдерім де осы оқу ордасында пайда болды. Көптеген мүшәйраларға да қатысып жүрмін. Бұйыртса, ғылым мен білім жолын қуып, магистратура оқысам деген мақсатым бар. Ал, қалғаны келер күннің еншісінде...
− Жас та болсаң жалынды жырларыңмен көптің көңілінен шығып, айтыс сахнасынан көрінудесің. Бұл жолда ұстазың кім?
− Ақынның да түр-түрі болады екен. Керемет ұйқас, ерекше мақам, ұтымды жауап бере алу үшін алдымен ұстаз көрген жөн. Сондықтан болар ұстазым Мұхтар Ниязовтан әлі де үйренерім көп деп білемін. Сондай-ақ, сол кісінің төл шәкіртімін деп мақтана айтамын. Себебі, Сыр елінің алтын баласына айналған ұшқыр ойлы, мағыналы да мәнді сөзі бар ақын.
− Ең алғашқы айтыс сен үшін несімен ерекше?
− Қажытай Ілиясов деген сатирик көкеміздің «өнердің жауы – іштарлық, өнердің жаны – құштарлық» деген сөзі бар. Ең алдымен өнерге деген адалдық пен махаббат керек. Ал, айтыс – өнердің ең киелісі әрі қиыны. Мыңдаған халықтың алдына шығып жоғын жоқтап, қуанышына қуана білу, оны қара өлеңмен ұйқасын тауып жеткізу екінің бірінің қолынан келе бермес. Мұхтар ағам Қызылорда қаласында 2014 жылы Республикалық жас ақындар айтысын ұйымдастырған болатын. Сол сәтте алғашқы рет сахна төріне шығып, үшінші орынды иелендім. Қара терге түсіп, біраз қобалжығаным да білінді. Дегенмен, бірінші марапат мен үшін бас жүлдеден кем болмады.
− Ақындардың саяси көзқарасы жайлы не айта аласың?
– Ақынның мақсаты әкімді жамандау емес. Бірақ, ақындар қырағы. Биліктің кем кетігін айту міндетіміз деп білемін. Саясатқа аса бір құштар емеспін...
− Жуырда ғана осы өңірде өткен «Алтын күз-2017» мерекесімен қоса мемлекет және қоғам қайраткері Шахмардан Есеновтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Тұлғасы биік Шахмардан» атты республикалық ақындар айтысында туған жеріңнің кемшін тұстарын айтып өттің. Ол өз атыңа сын айтқанмен тең емес па? Әлде айтыстың талабы сондай болды ма?
− Жоқ. Мен халықтың алдына өтірік мақтану үшін шықпаймын. Егер қарсыласым көп нәрсені жеткізе алмай жатса, онда оны менің айтуым парыз деп білемін. Егер бәріміз әдемі, күшті дей берсек айтыстан сән де мән де кетеді. Айтысты айтыс ететін шындық.
− Кімге еліктейсің?
Біреуге еліктеп, соған ұқсап бағуға тырыспаймын. Тек керек тұстарын аламын. Мұқағали Мақатаев айтпақшы: «Күпі киген қазақтың қара өлеңін, шекпен жауып өзіне қайтарамын». Өзгелерге мен емес, көпшілік маған еліктейтіндей адам боламын. Бұл – тәкәппарлық емес, мақсатқа жету жолындағы ұстаным деп біліңіз.
− Сол айтыста тараздық ақын Аруна Керімбекке сақина сыйлаған едің, оның астарында не жатыр? Отбасын құру ойда бар ма?
− Бұйыртса, ол күнге де жетерміз. Ал, Арунаға сақина сыйлаған себебім, елге келген қонаққа деген сый құрметім. Жалпы, Арунада өзіндік орны бар ақын. Сол сәтті де ұтымды пайдаланып, «үлкен айтысқа шыққанда тұсауыңды мен кестім. Бұл соған тартқан сыйлығың болсын» деп әдемі ғана жауап қайыра білді. Алдағы уақытта, анам Алтынкүл мен әкем Әбутәліптің арманын ақиқатқа айналдыратын өнегелі қызды жар етемін деген ниеттемін...
− Ниетіңе жет!
Сұқбаттасқан
Гүлнәр Дүйсебаева.