Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰЛЫ ДАЛА ӘУЕНДЕРІ

ҰЛЫ ДАЛА ӘУЕНДЕРІ

«Сыр елі – рухани жаңғыру бастауы» жобасын жүзеге асыру мақсатында бүгінгі күні бүкіл облыс көлеміндегі облыстық музыка және өнер мектептерінің күйші-домбырашы, жыршы-термеші оқушыларының «Ұлы дала әуендері» фестивалі өтуде. Қараша айының 7 жұлдызында аталмыш фестиваль ауданымызда болып, өнерсүйер қауым аудандық балалар әуез мектебінің домбыра және терме класында білім алушы шәкірттер мен олардың ұстаздарының өнерін тамашалады.Ақын Қадыр Мырзалиев кезінде қазақ халқының бүкіл ерекше қасиеттерін тізбелей келіп: «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра», – деген еді. Иә, мұны әнді, термені меңгерген, жаны жомарт қазақ халқымен бірге қара домбыраға берілген баға деп білеміз. Бұл аспаптың қай уақытта дүниеге келгені белгісіз болғанымен, аталмыш аспапты адамша сөйлетіп қойған қазақ емес пе?
Ауданымыздың шығармашылық адамдары мен өнерлі азаматтарының басын қосып отырған мәдениет үйінде ұлттық аспаптың құлағында ойнаған күйшілеріміздің күйін тыңдап, айызымызды қандырып қайтқандай болдық. Домбыраны игеріп, өнер жолындағы алғашқы қадамдарын басып жатқан шәкірттер қазақ күйшілерінің күйлерін нақышына келтіріп орындай білді. Фестивальде шәкірттер домбыра класының жетекшісімен бірге екі күйден орындады. Мұнан соң, оқушылар бес күйден ұсынса, жыр-терме класында оқитындар екі шығармадан орындады.
«Сыр елі – рухани жаңғыру бастауы» жобасын жүзеге асыру мақсатында аудандық балалар әуез мектебінің дайындаған «Ұлы дала әуендері» фестивалі жоғарғы деңгейде өтіп, көрермендерінің көңілінен шығып, барлық өнерпаздар алғыс хаттармен марапатталып қорытындыланды.
14 қараша 2017 ж. 2 498 0