Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » немересі Алпысбайдың Байкенмін

немересі Алпысбайдың Байкенмін

Мен Байкенмін
Мен Байкенмін,
Немересі Алпысбайдың,
Мен Байкенмін,
Ұрпағы Жалғасбайдың.
Ел басқарам келешек «Елбасы» боп,
Ақылымен ұлы ақын, ұлы Абайдың.
Туған жерім Шиелі,
Туған жерім Шиелі.
Қазаны отты, күйелі,
Құшағыңда өсіпті.
Небір асыл киелі,
Даламыз дархан мекен ғой.
Жайлауы қойлы, түйелі,
Айтарға менде тіл жетпес,
Шиелім менің, Шиелі.

Нартай атам сөз бастар,
Ыбырай атам іс бастар.
Асқардай көкем әлемде,
Есептен алда көш бастар.
Жерінің атын шығарған,
Жалындап тұрған көп жас бар.
Шиелі атын танытар,
Жас буын біздер ел бастар.

Осындай дара, даналар,
Маржаны елдің саналар.
Құшағыңда әлі де,
Қаншама дарын паналар.
Біздердей жастар тұрғанда,
Шиелім тағы жаңарар.
Сүйемін туған жерімді,
Тілімді, дархан елімді!

Анашым, Әкем
Ардақты асыл анашым,
Тірегім өзің ғанасың.
Ұл-қыздарыңды әрқашан,
Суықтан қорғар панасың.

Қ/сы
Отырғызайын өзіңді таққа,
Апарайыншы ғажайып баққа.
Арманым болмас арқалап барсам,
Пайғамбар елі Меккедей жаққа.

Әкешім биік асқарым,
Орының дара білесің.
Өмірде мынау қас қағым,
Қорған боп бізге жүресің.

Қ/сы
Отырғызайын өзіңді таққа,
Апарайыншы ғажайып баққа.
Арманым болмас арқалап барсам,
Пайғамбар елі Меккедей жаққа.

Анашым, әкем жүрегім,
Байлығым, барым, тірегім.
Жүз жасап ұзақ жүріңдер,
Алладан соны тіледім.
21 қараша 2017 ж. 1 310 0

Соңғы жаңалықтар

ЖОЛДЫҢ ЖАЙЫН ЖҮРГЕН БІЛЕР

ЖОЛДЫҢ ЖАЙЫН ЖҮРГЕН БІЛЕР

08 желтоқсан 2023 ж.
Экономикада өсім бар

Экономикада өсім бар

08 желтоқсан 2023 ж.

Қоғам

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9157) 1-2

05 желтоқсан 2023 ж.

№96 (9157) 3-4

05 желтоқсан 2023 ж.

№95 (9156)

02 желтоқсан 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам