Алтынның бәсі артып келеді
Әлем банктері доллар жинау дағдысынан бас тартып, резервтерді әртараптандыруды жалғастырып жатыр. Орталық банктер 2026 жылы 900 тоннаға жуық алтын сатып алады деген болжам бар. Демек, ақша нарығындағы тәуекелдерді бағалау алтынның пайдасына шешілетін түрі бар. Сарапшылардың пікірінше, инвестор үшін басты мәселе – алтынның құнында емес, қандай макроэкономикалық режім басым болатынында.Алтын бағасы күннен күнге өсіп жатыр. Былтыр жылдың аяғында бір грамм алтынның құны 73 мың теңгеге жетті. Ал 1 желтоқсандағы бағасы 68 мың теңге болған еді.
Ұлттық банк 2025 жылдың III тоқсанының қорытындысы бойынша екінші деңгейлі банктерге және жекелеген банктік емес айырбастау пункттеріне жалпы салмағы 438,4 кг болатын 8,3 мың өлшемді құйма алтын сатқанын хабарлаған еді.
Әлемдік банктер өткен жылдың аяғында 2026 жылға арналған болжамдарын жаңартқан-тын. Сонда алтын бір унция үшін 4–5 мың долларға дейін қымбаттай беретіні айтылған.
Қаржы сарапшысы Әнуар Үшбаевтың айтуынша, алдағы бес жылда күнделікті қажеттіліктен ауысқан қаржыны алтынмен сақтаған дұрыс. Қазір алтынды акциялар, облигациялар, қорлар арқылы сатуға болады әрі олар барлық брокерге қолжетімді. Алтын мен күмістің бағасы Нью-Йорктегі Comex биржасында рекордтық деңгейге жетті. Егер 2025 жылдың басынан бергі баға динамикасына көз жүгіртер болсақ, алтын бір унция үшін 1 мың доллардан астам сомаға қымбаттады әрі бұрынғысынша қорғаныс активі ретінде жоғары сұранысқа ие бағалы тас ретінде қала берді. Сарапшылар бұл өсімді жаһандық экономикалық белгісіздікпен, әлемдік экономикадағы ақша-кредит саясатының жұмсаруын күтуімен байланыстырады.
Желтоқсан айында Дүниежүзілік алтын кеңесі (World Gold Council, WGC), британдық Bullion Vault онлайн платформасы мен канадалық Visual Capitalist медиафирмасы алтын туралы есеп-қисабын ұсынды. Үш талдамалық орталық та алтынды сенімді инвестиция құралы болып қала беретінін, көптеген мемлекет бұл бағалы металды рекордтық қарқынмен жинақтап отырғанын жария етті.
Кейінгі мәліметтерге сүйене отырып, WGC мемлекеттердің орталық банктері 53 тонна алтын жинап, 2025 жылдың басынан бастап айлық рекордты жаңартқанын мәлімдеді. Ал Нью-Йорктің Comex биржасы жыл аяғында алтын фьючерстерінің бағасы еселеп өскенін хабарлады.
Ал Visual Capitalist онлайн басылымының мәліметтеріне сенсек, әлем елдерінің арасында Форт-Нокс пен Нью-Йорктің Федералдық резервінде 8 133,5 тонна алтын жинаған АҚШ көш бастап тұр әрі бұл көлем ондаған жылдар бойы өзгерген жоқ.
Екінші орынды 3 351,6 тонна бағалы металымен Германия иеленіпті. Үшіншісі – 2,8 тонна алтыны бар Халықаралық валюта қоры (ХВҚ). Төртінші орынды 2 451, 9 тонна қымбат металы бар Италия алса, одан кейінгі орында Франция тұр. Олардың ізін ала Ресей мен Қытай, әрі қарай Жапония орналасқан. Бұл елдердің бәрі алтын жинау жағынан алғашқы ондықтың қатарына енген.
Қазақстан да қалыспайды
Былтырғы жаздың басында біздің елдегі алтын қоры 30,8 млрд долларға, яғни елдегі барлық алтын-валюта қорларының 58,7 пайызына бағаланды. Бұл көрсеткішімен Қазақстан әлемде 20-орынды иеленеді.
«Қазақстанның жалпы халықаралық резервтерінің құрылымы Ұлттық банктің стратегиясы мен халықаралық үрдістеріне сай тұрақты түрде өзгеріп отырады», дейді Finprom.kz.
Мысалы, 2004 жылдан 2011 жылға дейінгі елдегі алтынның резервтегі үлесі 15 пайыздан кем, кейде тіпті 10 пайыздан төмен болған. Одан әрі алтын үлесі біртіндеп өсе бастады. 2022 жылғы маусымға қарай ол рекордтық 70 пайызға жетті. Осыдан кейін Ұлттық банк алтын сату және ЕАВ-дағы активтердің үлес салмағын ұлғайту мәселесіне бел шеше кірісті. Соның нәтижесінде 2024 жылдың соңына қарай үлестер іс жүзінде теңестірілді. Қазір алтынның пайдасына қарай біршама артықшылықтарды байқауға болады.
Алтын туралы ақпарат беретін Trading Economics порталында біздің елге қатысты қызық мәлімет жарияланыпты. 2025 жылдың үшінші тоқсанында Қазақстанның алтын қоры екінші тоқсандағы 306,16 тоннадан 324,37 тоннаға дейін өскен.
Дүниежүзілік алтын кеңесі алтын бағасына қатысты үш нұсқаны қарастырып отыр. Алғашқысы – «аздап құбылу» сценариі. WGC бағалауы бойынша, нарық қатысушылары АҚШ-та экономикалық өсімнің баяулауы мүмкін екендігін алға тартады. Интеллект (ИИ) имитациясы қор нарықтарына бағытталған қысым күшейе түсетінін болжайды. Демек, тұтынушылық белсенділік төмендеп, экономиканың дамуы тежелуі мүмкін. Базалық мөлшерлемелердің төмендеуі, доллардың әлсіреуі алтынның пайдасына қарай шешіледі. Бұл сценарийде WGC алтын бағасы 2026 жылы өткен жылмен салыстырғанда 5–15 пайызға өсуі мүмкін деп болжайды.
Екінші сценарий – оптимистік болжам. WGC әлдеқайда экстремалды сценарийді бөліп көрсетеді. Сауда шиеленісі, шешілмеген өңірлік қақтығыстар немесе жаңа геосаяси ошақтар жаһандық сенімге нұқсан келтіріп, тәуекелге бармауды күшейтеді. Мұндай жағдайда кәсіпорындар инвестицияларды, ал үй шаруашылықтары шығыстарды қысқартуы мүмкін. Бұл кері байланыстың пайда болуына әкеледі, ол экономикалық өсуді одан әрі әлсіретеді. WGC мұны «рок ілмегі» деп атады. Мұндай жағдай АҚШ ФРЖ-сы мөлшерлемелерді агрессивті түрде азайтуға, кірістіліктің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Бұл өз кезегінде инвесторларды алтын алуға итермелейді. Алтын үшін күрес одан сайын күшейіп, бағалы металдың бағасы 15–30 пайызға өсіп кетуі әбден мүмкін. Бұл болжамдағы негізгі фактор металдың қауіпсіз актив ретінде тартымдылығына және инвесторлардың жоғары сұранысына кері әсер ете алмайды.
Үшінші сценарий – «Рефляцияны қайтару» болжамы. WGC-дің үшінші ықтимал нұсқасы Дональд Трамп әкімшілігінің фискалдық және экономикалық саясатының табысты болуын болжайды. Мұндай «рефляцияны қайтару» сценарийінде инфляция қайтадан өседі, бұл ФРЖ-ны мөлшерлемелерді төмендетуін тоқтатуға немесе керісінше, оларды арттыруға мәжбүрлейді.
Неғұрлым жоғары пайыздық мөлшерлемелер мен АҚШ долларының нығаюы барлық нарықта тәуекелге бейімділіктің өсуіне әкелуі мүмкін, бұл алтынның тартымдылығын төмендетеді. WGC бағалауы бойынша, мұндай сценарий кезінде алтынның бағасы келесі жылы 5–20 пайызға көтерілуі мүмкін.
Орталық банктер тарапынан алтынға сұраныстың бәсі төмендеген емес, Дамушы нарықтардың резервтері бұрынғысынша дамыған елдердің жинақтарынан артта қалып отыр.
2026 жылға арналған алтын бағасының WGC үш болжамы да экономикалық белгісіздікке, нарықтың ағымдағы және әлеуетті тұрақсыздығына байланысты екенін байқауға болады. Орталық банктердің кен өндіру мен алтын балқытуды сатып алуы оған қосымша қолдау көрсетуі мүмкін. Белгілі бір сценарийлердегі мұндай сатып алулар мен шектеулер жағдайдың нашарлау тәуекелін де көтереді. Тұтастай алғанда, алтынның әртараптандыру және күйзелістерден қорғау құралы ретіндегі рөлі өзгеріссіз қалып отыр.
Қаржы сарапшысы Ерлан Ибрагимнің айтуынша, алтын инфляцияға жұтылмайтын бағалы ақша. Базалық мөлшерлеме жоғары болса да банктердің тұрақтылығы мен теңгенің қуатына деген сенім аз. Теңгенің девальвациясы эволюциялық жолды бастаса, алтын доллармен қатар өсіп жатыр. Сарапшы айтып өткендей, алтын сатып алу үшін қаржылық сауаттылықтың түк те қажеті жоқ. Акциялар, облигациялардың құнын болжау үшін сауатты түйсік керек. Ал алтын мыңдаған жылдар бойы құнын жоғалтпайтын ең сенімді актив. «Алтын ұзақмерзімді перспективада сатып алу қабілетін сақтайды. Теңге әлсіреген кезде оның ұлттық валютадағы бағасы автоматты түрде өседі» дейді сарапшы.







