Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауадыАлдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде антициклондардың жиі алмасуына байланысты құбылмалы ауа райы сақталады. «Қазгидромет» синоптиктері 11, 12 және 13 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мамандардың мәліметінше, еліміздің батыс және оңтүстік өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Ал солтүстік-батыс, солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнде және күндіз жаңбыр жауады. 11 сәуірге қараған түні шығыс өңірлерде қар жаууы мүмкін.
«11 сәуірде республиканың батысында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі ықтимал. Сондай-ақ Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұман түседі деп болжанған», делінген хабарламада.
Синоптиктер құбылмалы ауа райы кезінде азаматтарды, әсіресе көлік жүргізушілерін жолдарда сақ болуға және тұман кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Еске сала кетейік, 10 сәуір күні Қазақстанның бес қаласында атмосфералық ауаның ластануына ықпал ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр.



10 сәуір 2026 ж. 38 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9392)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (9391)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (9390)

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930