Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алтын мен күміс неге тым қымбаттап кетті?

Алтын мен күміс неге тым қымбаттап кетті?

Алтын мен күміс неге тым қымбаттап кетті?Әлемдік нарықта бағалы металдардың құны күрт өсті. 24 желтоқсанда алтынның бір унциясы алғаш рет 4 500 доллардан артып, жыл басынан бергі өсім 70%-дан асты, деп хабарлайды Egemen.kz.


24 желтоқсандағы Reuters мәліметінше, қымбат металдар нарығында нағыз рекордтар шеруі болды. Алтынның бағасы бір сәтте 4 525 долларға дейін көтеріліп, тарих бетіндегі ең жоғары көрсеткішті тіркеді. Күміс 72,7 долларға, ал платина 2 377,5 долларға жетіп, инвесторлардың таңданысын тудырды. Палладий де соңғы үш жылдық рекордын жаңартып, 1900 долларға жуықтады.
 
Сарапшылар бұл жағдайды әлемдегі геосаяси тұрақсыздықпен тікелей байланыстырады. Экономикалық белгісіздік күшейген сайын, ірі капитал иелері ақшаны сенімді активтерде — бағалы металдарда сақтауды жөн көреді. Бұған қоса, АҚШ-тың пайыздық мөлшерлемелерді төмендету туралы жоспары металдардың құнын одан әрі аспандатып жіберді.
 
Статистика таңғалдырарлық: жыл басынан бері алтын 70%-дан астам қымбаттаса, күміс пен платина бағасы 150-160%-ға бір-ақ секірген. Бұл 1970-жылдардан бергі ең үлкен қаржылық дүмпу. Мамандар бағалы металдардың «әмбебап қорғаныс активіне» айналғанын және алдағы уақытта да сұраныс жоғары болатынын болжайды.

24 желтоқсан 2025 ж. 191 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9392)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (9391)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (9390)

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930