Топ-баннер
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Халыққа қызмет көрсету орталықтары біртіндеп жойылады: қызмет онлайнға көшеді

Халыққа қызмет көрсету орталықтары біртіндеп жойылады: қызмет онлайнға көшеді

Халыққа қызмет көрсету орталықтары біртіндеп жойылады: қызмет онлайнға көшедіНегізгі басымдық – азаматтардың мемлекеттік қызметті өз бетінше, онлайн алуына жағдай жасау. Бұл өзгеріс асықпай жүзеге асады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда көпшіліктің күнделікті тіршілігіне сіңіп кеткен ХҚКО болашақта түбегейлі өзгереді. Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкиннің айтуынша, халыққа қызмет көрсету орталықтары классикалық «терезелерден» бас тартып, селф-аймақтар мен өзіндік қызмет көрсету кеңістіктері форматына көшеді.
Жаңа үлгіде ХҚКО қызметкерлері қағаз қабылдап, анықтама беруші емес, кеңесші әрі цифрлық қызметтерге бағыттаушы рөл атқарады. Азаматтарға мемлекеттік қызметтерді онлайн форматта қалай алу керегін үйрету – негізгі міндет болмақ.
«Қоғам біркелкі емес. Бір азаматтар қызметті әлдеқашан қашықтан алып жүр, ал енді біреулер үшін оператордың көмегі әлі де қажет. Сондықтан трансформация бірден емес, кезең-кезеңімен жүзеге асады», деді вице-министр.
Оның сөзінше, қалаларда дәстүрлі қызмет көрсету аймақтарының белгілі бір бөлігі сақталады. Бұл – цифрлық қызметтерді игере алмай отырған азаматтар үшін жасалатын өтпелі шешім.
Биылдан бастап онлайн көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ауқымы кеңейеді. Жеке куәлікті жоғалтып алған жағдайда қайта рәсімдеу, паспортты алғаш рет алу секілді маңызды қызметтер толықтай цифрлық форматқа көшеді. Қазір жүргізуші куәлігін қайта алу онлайнға ауыстырылған, ал оны алғаш рет алу үшін өтініш тек интернет арқылы қабылданады.



07 қаңтар 2026 ж. 160 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

№15 (9382)

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031