Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Киелі мекен – Шиелім

Киелі мекен – Шиелім

Туған жердің тарихын білмей болашаққа бағдар жасау мүмкін емес. Сол жердің сары тоны жарқырай керіліп жатқан кермиық кең даласы кеңпейілділікке салынып, қойнын қазған сайын байлығын беруден жалықпайтындығын қайтерсіз. Ал, төбесі көкті тіліп, бұлтпен сырласқан маңғаз таулардан рухани биіктікті, қыбыр-жыбыры таусылмас жәндігінен еңбекқорлықты көруге болады. Қарап тұрсақ, адамдықтың өзін еңбегінің өтеуін сұрамайтын аңғал даладан үйренеді екенбіз. Осындай қыры мен сыры көп киелі өлке Шиелі аймағында мемлекеттік қорғау тізбесіне алынған 45 тарихи мәдени ескерткіштер бар. Олар Оқшы атадағы жеті әулие, Бала би, Есабыз, Жаназар батыр, Оразай, Ахмет ишан кесенелері мен Сауысқандық шатқалындағы жартасқа салынған бейнелер т.б. Көптеген ескерткіштер мен құндылықтарымыз енді ғана зерттеу мен зерделеудің арқасында тарих беттеріне шығып келеді. Солардың бірі тарихи құндылығы жоғары Қызылтам қалашығын айтуға болады. Бұл жөнінде аудандық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Бекболат Әбуов: «Бұл ескерткіш Шиелі ауданы, Ортақшыл ауылдық округінде орналасқан. Кейбір тарихи деректерге сүйенсек бұл қамалды қалмақ қонтайшысы салдырған деген аңыз бар. Орта ғасырда салынған қамалдың қабырғаларының беріктігі соншалық ені 3-4 метр болатын сұлбалары бүгінгі күнге дейін сақталған. Оның ені мен ұзындығы 100 шаршы метр құрайтын аумақты алып жатыр. Қамалдың қабырғасы өте берік әрі қалың. Оның үстінде ат жегілген арба жүріп өтсе де болады», – дейді.
«Қалмақ қонтайшысы бұл қамалды не үшін, не мақсатта салдырды және ол жерде қандай өндіріс орындары болған?» – деген сұрақтар музей қызметкерлерін де толғандырды. Себебі, оның бәрін нақтылау үшін археолог мамандар қажет. Сол үшін алдағы уақытта осындай киелі мекендерге сол мамандарды шақыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жөнінде ұсыныстар да болған екен. Дегенмен, осы мамандардың тапшылығынан әлі күнге көп дүниені зерттей алмай келе жатқандықтарын да жасырмады. Демек, Мемлекет басшысының «Туған жер» атты бағдарламасы қарқынды жүруіне бірден бір кедергі тудырып отырған осы мәселе. Алдағы уақытта археолог мамандарды көбейту жолдарын қарастырсақ құба-құп болмақ. Сонда тарихымыздың ашылмаған жаңа беттеріне қанық болар едік...
Гүлнәр ӘБДІХАНИҚЫЗЫ.
21 қараша 2017 ж. 2 874 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930