Белес биігіндегі бекболат
Үйде де ерте есейді. Ауылдағы №149 «Қызылту» орта мектебінің 8-сыныбын бітіре салып, Қызылорда политехникалық техникумына оқуға барады. Жолы болғыш бозбала 1993 жылы оқу орынын «Техник құрылысшы-технолог» мамандығы бойынша бітіреді. Сол жылы өз мамандығымен Шиелідегі «Орда» қауымдастығының «Құрылысшы» шағын кәсіпорнында тас қалаушы болып еңбек жолын бастайды. Әскерден оралған бойда Қарағанды Мемлекеттік Техникалық университетіне түсіп, «Тау-кен Инженері» мамандығын, одан соң Шымкент гуманитарлық университетінің тарих факультетін сырттай тәмамдап, екі бірдей жоғары білімге қол жеткізеді.
Бекболат «өз саласының маманы» деген сөзді былай пайымдайды: «Сол мамандық бойынша жоғарғы немесе орта арнаулы білімі бар, осы саланың қыр сырын меңгерген, ыстығына күйіп, суығына тоңған, жасаған жұмысынан нәтиже шығаруға тырысатын, ұжымының ортасында сыйлы, қоғамда өзіндік орны, беделі бар адам» деп меңзейді. Дұрысында да солай. Адамдарда рухани жаңғыру болмаса, қоғамға пайдасы тимесе, не боларын топшылау қиын емес екендігін Бекболат өмірлік тәжірибесінен де аңғарған болар. Екі жыл Ы.Жақаев атындағы ұжымшарда жұмыста болды. 1997 жылы Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейіне ғылыми қызметкер, бас қор сақтаушы, директордың міндетін атқарушы, ал 2002-2003 жылдары музей директоры қызметін мінсіз атқара білді. 2005 жылдан 2017 жылдың сәуір айына дейін Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде тарихи, мәдени мұраларды қорғау жөніндегі ғылыми қызметкер болып жұмыс жасады. Б.Әбуов үнемі ізденіс үстінде жүреді. Ол 2000, 2002, 2004, 2006 жылдары Мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік саланы арттыру өңірлік орталығында, 2005 жылы Алматы қаласындағы Қазақстан мәдениет және Өнертану ғылыми-зерттеу институтында «Музей ісі және музеология», «Қазіргі заман талабына сай реэкспозициялау жұмыстарын ұйымдастыру», «Мәдени мұра: дәстүр мен жаңашылдық», «Мәдени мұра: тарихи құндылықтар және облыстағы мәдени мұралардың сақталуы мен ескерткіштердің қорғалуы» тақырыптары бойынша дәріс алып, білімін жетілдірген. Былайынша айтқанда, осы саланың «майын ішкен» маман. Өзінің қарапайым ісімен көзге шалынбай жүрген Б.Әбуов Ауған-Тәжік шекарасындағы әскери ұрыс қимылдарына қатысқан ержүрек жауынгер, байсалды парасат иесі. Еңбек етуден басқаны ойламайтын еңбекшіл азамат. Оның кеудесінде «Шекара қызметінің үздігі» төс белгісі, «Ұрыс қимылдарының ардагері», «Жауынгерлік қызметі үшін», «Батылдығы мен ерлігі үшін», «Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 20 жыл» медальдары жарқырайды.
Айтуға тиіспіз, кейде «ауданда кадр жоқ» деп жатамыз. Өмірде жанған, білімді, осындай жігіттер тасада қалып қояды. Мәдениеттің қай тақырыбында әңгіме қозғалса, сауатты жауап беретін Бекболат қайнар шағында тұрғандығын аңғартады.
Қоғамдағы маңызды саланың бірі – мәдениет десек, Бекболат 1997 жылдан бері мәдениеттің қазанында сорпаша қайнап келе жатыр. Ол аудан аумағындағы тарихи, мәдени мұраларды қорғау бағытындағы жұмыстарды үйлестіруші әдіскер ретінде көптеген игілікті істерді жүзеге асырды. Кеңес одағы тарап тарыдай шашылған, егесіз, қараусыз қалған қасиетті орындарымыз бен мәдени мұраларымызды түгендеуден жалыққан жоқ. Үш тілде жарық көретін «Kazakh TV» арнасынан «Тылсым дүние» бағдарламасынан «Оқшы Ата» мазаратындағы «Жеті әулие» туралы берген Б.Әбуовтың сұхбаты, ауданымызда осындай киелі орынның бар екенін шартарапқа паш етті. Көптеген тарихи мұралардың құжаттарын заң талаптары негізінде жаңа үлгідегі құжаттар тізбесіне ендірді. Өз ісіне берілгендігінің белгісі – қыр мен сырды апталап жатып аралап, мына басы Телікөл, Сарысу өзені бойы алқаптарында, мына шеті дария асып, Қызылқұм жақта орын тепкен тарихи сәулет ескерткіштері мен археологиялық көне қалаларды түгел көзбен көріп, қолмен ұстап, тиісті мәліметтерді құжатқа түсірді. Бұл туралы «Сарысуға сапар» деген атпен сериялық мақала «Өскен өңір» газетінде жарияланды. Бекболаттың басшылығымен бұдан бөлек 2004-2006 жылдарға арналған аудандық «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жасап, соның нәтижесінде «Оқшы Ата» мазаратындағы «Асан Ата» кесенесін қайта қалпына келтіруге республикалық бюджеттен 9 млн. 600 мың, «Оқшы Ата» кесенесіне 9 млн. 800 мың теңге қаржы бөлініп, жөнделіп, ел игілігіне пайдалануға берілді.
Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында аудан аумағында орналасқан «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында құрбан болған жауынгерлерге орнатылған ескерткіш-белгілерге» жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында тиісті орындарға ұсыныс хаттар жасау нәтижесінде 16 ескерткіш қайта қалпына келтіріліп, 11 ескерткіш қайта салынды. Айтар болсақ, осы жұмыстарға аудандық бюджеттен 100 млн. теңге қаражат бөлініп, елді мекендердегі, ауылдардағы «Тағзым алаңдары» жаңаша кейіпке келді. Бұл дегеніңіз бұрын болмаған, ескерткіштерге жасалған керемет қамқорлық, жақсы жаңалық болды.
Сондай-ақ, Қаратаудың «Сауысқандық» шатқалындағы бағзы заманда бабаларымыздың тасқа қашап салған суреттері бар тарихи орынды да жүгіріп жүріп құжаттарын жасап, тиісті орындарға қайта-қайта ұсыныс хаттар жазып, мемлекеттік қорғау тізбесіне енгізген де осы Бекболат екенін көп адам біле бермесі анық.
Б.Әбуов елгезек, шаршауды білмейді. Ол аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Тіл маманы қызметін қоса атқарған кезде аудан көлемінде рейдтер ұйымдастырып, ана тіліне және тіл тазалығына деген жанашырлығын танытып, өз елінің патриоты екендігін дәлелдеп берді. Мәдениет бөлімінде жүріп, аудан орталығынан ашылған «Тарихи өлкетану музейінің» ашылуына үлкен үлес қосып, себепкер болғанын да айтуға тиіспіз. Бекболат осы музейге өз ықтиярымен ауысып, мұражайдың ең маңызды құжаты, ауданның даму кезеңдерін қамтитын 25 тақырыптан тұратын реэкспозициялық жоспарды жасап шықты. Аудан әкімдігі қолдап, келісім берген бұл құжат бүгінгі күні мұражай жұмысына бағыт-бағдар беретін төлқұжатқа айналып отыр. Әрине, оны осы саланы жетік меңгерген білімді маман жасап, өзінің туған өлкесінің тарихын терең білетіндігін көрсетіп берді.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Б.Әбуов ұжымымен бірлесіп өлке тарихына байланысты тың жаңалықтарды ашуда. Аудандық «Өскен өңір» газетінің бас редакторы Н.Пірімбетпен қоян-қолтық жүріп, Жансейіт елді-мекені аумағындағы шаруа қожалығының қыстауы жанынан «Ежелгі қоныс» орынын тапса, Ы.Жақаев ауылы жанындағы өзектің ортасынан «Ертедегі қорған» орынын анықтап, зерттеп, айғақты жәдігерлермен Шиелі шежіресіне тағы бір жаңалық, өзгеріс енгізді. Аудандағы бұл жаңалықтар туралы «Өскен өңір», «Сыр бойы», «Егемен Қазақстан» газеттері жарыса жазғаны белгілі. Сонымен қатар, Б.Әбуов облыстық арнадан, «Қазақстан-Қызылорда» телеарналарынан сұхбат беріп, тарихи-ғылыми тұжырым жасауы да, туған жеріне, Шиелі өңіріне деген ыстық ықыласын танытады. Осындай азаматтардың ортамызда жүргені мақтаныш емес пе? Біз көне тарихымызды білу арқылы болашаққа нық қадам басамыз.
Б.Әбуов өнерлі жігіт, бала күнінен күй шертіп, ән айтып өсті. Әкесі Темірәлі ақсақал Бекболаттың өзі секілді күйші болғанын қалаған екен. Оның орындауындағы «Балбырауын», «Ерке сылқым», күйлері, «Өсиет», «Үш жігіт», «Жалған дүние», термелері, «Аққуым», «Күміс құман», «Нурикамал», «Сыған серенадасы» т.б. әндері талай ортада шырқалып жүр. Бұл оның сегіз қырының бірі ғана. Отбасында жұбайы – Гүлмира Оспановамен екеуі төрт бала тәрбиелеп отырған мәдениет саласының саңлағы Бекболат Әбуов аудандық тарихи-өлкетану музейінде ғылыми қызметкер болып, қызметін жалғастыруда. Әрдайым жақсының жақсылығын, жігіттің жетістігін, ақсақалдың абыздығын айтып жүргенге не жетсін. Иә, «ер жігітке жеті өнер де аздық етпейді» деп отыратын еді үлкендер.
Сәкен БӘКІРОВ.