Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ән қанатында қалықтаған өрендер

Ән қанатында қалықтаған өрендер



 Біздің дана халқымызда ұрпақ тәрбиесіне ертеден-ақ оң көзқарас қалыптасқан. Әсіресе, бала бойындағы домбыра тарту мен ән салуға деген құштарлығын байқап, жас кезінен бағыт-бағдар беріп, баули түскенін білеміз. Сол құдіретті өнер арқылы сұлулық пен әдемілікті терең ұғынуды меңзеп, жақсылыққа жүрегі жақын азамат болады деген сенім орнаған. Өнер мен ән құдіреттілігін Абайдан мықты түсінген, ерекше бағалаған ақын жоқ десе болады.
... Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй...
Керемет ойлы көзқарас. Ендеше, елдің де, ердің де атын шығаратын – өнер. Сол өнер иелері ауданнан шығып жатса, мерейің өсіп, абыройың асқақтамай ма? "Өнер жолы – ұлы жол" демекші, болашағынан зор үміт күттіретін жас таланттар киелі Шиелі ауданының да абыройын асқақтатып, мерейін үстем етуде.
Бұған мысал ретінде  «Өнерпаз болсаң» атты телевизиялық ән-би байқауынан жеңіспен оралған оқушыларды атауға болады. Әлия Аманбаеваның шыңдауындағы №48 Ә.Қоңыратбаев мектеп – лицейінің оқушылары мен «Әділет», «Айсұлу» жеке бала бақшаларының тәрбиеленушілері тыңғылықты дайындық пен еңбектерінің нәтижесінде жүлделі орындардан көріне білді. Атап айтқанда, аталған мектептің 3-сынып оқушысы Дәулет Мизамов, Балнұр Тынысбекова, Нұрсила Абдуллаева және кішкентай өнерпаздар Раяна Намазбай, Айназым Қали байқауға қатысқан 600 баланың ішінен эстрадалық вокал жанры бойынша бірінші және бас жүлделерді қанжығаларына байлап келді. Еңбектің қайтып, үкілеген үміттердің ақталғандығы деген осы шығар, бәлкім. Сөйтіп, әнқанатында қалықтаған өрендер дипломдармен ал, оларды байқауға дайындаған педагог  алғыс­ хатпен марапатталды.
Дина ЖҮСІПОВА.


12 сәуір 2018 ж. 1 334 0