Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жайдарманшылар жарысы

Жайдарманшылар жарысы



Б.Қабылұлы атындағы мәдениет сарайында аудан жастары арасында жайдарман сайысы өтті. Бүгінде тек жастардың емес, барлық буынның бұл өнерге деген қызығушылығы артқан. Жайдарман ойындарының деңгейі де жылдан жылға жоғарылап, дамып келеді. «Шиелі Ашық» жайдарман лигасының финалдық және «Өскен өңір» газетінің 80 жылдық мерей тойына арналған жайдарман фестивалі шараға жиылған жастарды бір серпілтіп, көңілді кеш сыйлады.
Жайдарманшылардың жарысы қызықты өтті. Шараға «47 қырандары», «Тартоғай құрамасы», «Алмалы құрамасы» және «Қарғалы жастар құрамасы», сонымен бірге «Еркін құрама» командалары қатысты. Ойыншылар қоғамда болып жатқан жағымды жаңалықтар мен ерсі қылықтарды өздерінің әзіл-шыны аралас көріністерімен айшықтап, көрермендер көңілінен шықты. Ойын жеңіл, еркін түрде жеткізіп, көрерменге қуаныш ұялатты. Көңілді кешке «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалының кеңесшісі Ерболат Мұхтаров, «Өскен өңір» газетінің бас редакторының орынбасары Елдос Жүсіп, Жастар ресурстық орталығының директоры Біржан Өтебаев қазылық етіп, сайыс соңында пікірлерін айтты. Сайыста «47 құрамасы» бірінші орынға ие болып, топ жарды. Ал екінші орынды «Тартоғай құрамасы» ұтып алса, үшінші орынға «Алмалы құрамасы» тұрақтады. Жайдарманшылардың сайыс соңында «Сыр медиа» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары М.Аралбаев, «Алматы ақшамы» газетінің қызметкері, ҚР «Құрметті» журналисі С.Бекмұратұлы, ҚР Журналистер одағының мүшесі Ө.Исмаил, «Өскен өңір» газетінің бас редакторы Н.Пірімбет ортаға шығып сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді. «Өскен өңір» газетінің 80 жылдық мерей тойына арналған арнай кубокты жеңімпаздардың қатарында болған «Тартоғай құрамасына» «Өскен өңір» газетінің бас редакторы Н.Пірімбет табыс етті. Сонымен қатар «Сыр медиа» ЖШС ұжымының атынан «Қаратау» қоғамдық қорының директоры Дастан Ерназаровты алғыс хатпен марапаттады. Ойын соңында жайдарманшылар естелік үшін суретке түсті.

Ж.Қауғанбаева.
18 мамыр 2019 ж. 1 303 0