Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жас жайдарманшылар лигасы өтті

Жас жайдарманшылар лигасы өтті

Жуырда аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Шиелі Жайдарман» лигасы өтті. Ондағы мақсат – салауатты өмір салтын насихаттау және жастар шығармашылығын дамыту.
Шиелі көңілді тапқырлар алаңы және Жайдарман командасын республикалық, облыстық және ауданаралық сайыстарға қатысуын ұйымдастыру жобасы негізінде, Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығы, «Балалар жылы» аясында өткен «Оқушылар лигасының» 1/4 ширек финалына ауданнан 10 команда қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша І орынды №127 «Ш.Уалиханов» атындағы мектеп-лицейінің «Шиза» командасы, ІІ орынды №46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейінің «Пушкин» командасы, ІІІ орынды №156 «Н.Бекежанов» атындағы орта мектебінің «Париж» командасы иеленді. Сайыс жеңімпаздарына кубок пен қаржылай сыйлықты ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Баймұратова табыстады. Жас жайдарманшыларға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы алғыс хат берілді.

А.Асанов
21 қараша 2022 ж. 751 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (9372)

21 қаңтар 2026 ж.

№4 (9371)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (9370)

13 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031