Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "Спорт менің таңдауым" атты кіші футболдан жарыс өтті

"Спорт менің таңдауым" атты кіші футболдан жарыс өтті

11 қазан күні «Демеу» спорт мектебінде Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі және "Береке Жастар" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "Спорт менің таңдауым" тақырыбында жұмыссыз өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар арасында кіші футболдан аудандық турнир өтті. Салауатты өмір салтын ұстанған жастар екі топқа бөлініп бақ сынады. Турнир қортындысы бойынша жүлделі І орынды "Еңбекші" ауылының командасы жеңіп алды. Финалда сүрінген Орталық мешіттің "Жамағат" командасы ІІ-орын иеленсе, үздік үштікті "Жайлыбаев" командасының футболшылары түйіндеді. Үздік ойын өрнегін көрсеткені үшін "Шанхай жастары", "1 С есепшілері", "Ақмая жастары" алғыс хаттармен марапатталды. Жарыс жеңімпаздарына ұйымдастырушылар тарапынан кубок, дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.

13 қазан 2018 ж. 1 475 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№29 (9396)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (9395)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (9394)

14 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930