Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тартысты өткен жарыс

Тартысты өткен жарыс

Жұма күні Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және «Қызылорда облысының жастар одақтары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жарыс өтті. Аудандық спорт клубында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар және пробация қызметінің есебіндегі азаматтар қол күрес, дойбы және шағын футболдан бақ сынады.
Жарыстың мақсаты – салауатты өмір салты қалыптастыру, азаматтарды спортқа баулу. Аталған жарыстың ашылу салтанатына Жастар ресурстық орталығының директоры Е.Әбдешов, Шиелі аудандық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы әділет майоры Самат Қалмағанбетов қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Айта кетсек, кіші футболдан жарыста Пробация қызметкерлері, Телікөл мен Бестам командалары өзара бақ сынаған ойында I орынды Бестам командасы иеленсе, ІІ орынды Телікөл командасы жеңіп алды, ал ІІІ орынды Пробация командасы алды. Ал, білектілер бәсекесінен өткен сайыста I орынды Е.Қалдыбеков, II орынды А.Мұхтар, III орынды Ә.Мырзағұлов иеленді. Соңғы ойын дойбыдан бақ сынады. Бұл ойында I орынды Е.Махмуддинов, II орынды Ж.Сәдібек, III орынды Е.Қалдыбеков қанжығалады.
Жарыс соңында жеңген командалар мен жеңімпаздар кубокпен және алғыс хаттармен марапатталды.

«Өскен өңір» ақпарат
24 қыркүйек 2021 ж. 430 0

Қоғам

Үлкен жүректі жан
25 қыркүйек 2023 ж. 73

Отбасы – ұлттың тірегі

25 қыркүйек 2023 ж.

90 бос жұмыс орны бар

25 қыркүйек 2023 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (9137)

26 қыркүйек 2023 ж.

№75 (9136)

23 қыркүйек 2023 ж.

№74 (9135) 1-2

19 қыркүйек 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам