Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Турнир тартысты өтті

Турнир тартысты өтті


«Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға «Мүлдем төзбеушілік» қағидаттарын қалыптастыру мақсатында аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен аудандық спорт клубында, ішкі істер органдарында есепте және қолайсыз отбасында тұратын 14-29 жас аралығындағы жастарға арналған спорттық жарыс өтті.
Қол күрес, гір тасын көтеру, арқан тартыс сынды спорт түрлерінен өткен жарыста Р.Мұстафаев гір тасын көтеруден І орын, қол күрестен ІІ орынды иеленсе, Ж.Байбураев қол күрестен І, гір көтеруден ІІ жүлдені қанжығалады. Ал, ІІІ орынды гір тасын көтеруден А.Асан, қол күрестен Н.Серіков иемденді. Жарыс соңында Жас қыран мен Сұңқар тобы арқан тартысып, арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Спортшыларға ынталандыру сыйлығын табыстай отырып, салауатты өмір салтын қалыптастырып, жастар арасында құқық бұзушылыққа қарсы имунитеттің пайда болуына ықпал жасаған шараның басты мақсаты да осы болатын.

Г.ӘБДІХАНИҚЫЗЫ.
21 сәуір 2018 ж. 1 353 0