Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Спортқа бет бұрған болашақ

Спортқа бет бұрған болашақ

 
«Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға «Мүлдем төзбеушілік» қағидаттарын қалыптастыру, салауатты өмір сүру негіздерін білу, өз еркімен дене шынықтыру және спортпен шұғылдану дағдыларын ұстану мақсатында аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі және Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты қылмыстық атқару инспекциясымен бірлесе отырып 2018 жылғы 17 сәуір күні сағат 16:00-де Шиелі аудандық спорт клубында ішкі істер органдарында есепте тұрған және қолайсыз отбасыларда тұратын 14-29 жас аралығындағы жастар арасында спорт түрлерінен (гір тасын көтеру, қол күрес, арқан тартыс, т.б) жарыс өткізілді. Жарыс барысында Р.Мұстафаев гір тасын көтеруден I, қол күрестен II, Ж.Байбураев гір тасын көтеруден II, қол күрестен I, А.Асан гір тасын көтеруден III, Серіков Нариман қол күрестен III орынға ие болды. Жарыс соңында жастар екі топқа Жас қыран, Сұңқар бөлініп арқан тартысса, жеңімпаздар дипломдарымен марапатталып, ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Шиелі аудандық Жастар ресурстық орталығы


18 сәуір 2018 ж. 1 314 0