Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 19 жастағы қазақстандық гір тасын көтеруден әлем чемпионы атанды

19 жастағы қазақстандық гір тасын көтеруден әлем чемпионы атанды


Оңтүстік Корея астанасы Сеул қаласында қараша айының 15-19 аралығында өткен жарысқа әлемнің 33 елінен 600-ге жуық спортшы қатысқан. Додада 73 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Қобыланды 32 келі гір тасын ұзын циклды көтеруді 62 рет бағындырған.
Жаттықтырушысы Мұрат Серікбаевтың айтуынша, Қобыланды алғашқыда қазақ күресімен айналысқан.
« 2014-2015 жылдары гір тасын көтерудің қыр-сырын үйреттім. Аз уақытта үлкен нәтижелер көрсете бастады. Мәселен, осыспортпен айналысқан бір жылдың ішінде жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионы, сол жылы Латвияда өткен Европа чемпионтында күміс жүлдеге қол жеткізген. Ал келер жылы Ақтөбе қаласында жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды. Биыл жастар арасына да еркін кіріп, ел біріншілігін ұтты. Өздеріңіз куә болып отырғандай жастар арасындағы ұлттық құрамаға мүше болып, Оңтүстік Корея мемлекетінде өткен әлем чемпионатының жеңімпазы болды», - дейді Мұрат Серікбаев.Ал жаттықтырушының өзі 73 келі салмақ дәрежесінде 24 келіні қос сайыс бойынша 131 рет көтеріп күміс жүлдені алып отыр. Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Созақ спортының төл тумасы, Оңтүстіктен шыққан жастар арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Қобыланды Орынбасаров Алматы қаласындағы Қазақ туризим және спорт академиясының 3 курс студенті.
19 желтоқсан 2017 ж. 1 344 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9244)

08 қазан 2024 ж.

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031