Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАРАЛИМПИАДАШЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАРАЛИМПИАДАШЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ


Қарағандылық спортшы Наталья  Звягинцева паралимпиададан Мексикада өтіп жатқан әлем чемпионатында жүзуден алтын медаль жеңіп алды.

Қазақстанның тарихи жеңісі жайлы еліміздің Паралимпиада комитетінің басшысы Қайрат Боранбаев Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
– Наталья  Звягинцева (Қарағанды) – жаңа әлем чемпионы. 50 метрге шалқалай жүзуде бірінші орын алды. Бұл Қазақстан тарихындағы Паралимпиададан әлем чемпионатында жеңіп алған тұңғыш алтын жүлде. Наталья Мексикада Азия рекордын да жаңартты, – деп жазды.
Айта кетейік, Наталья Звягинцева 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Паралимпиада ойындарына да қатысқан еді. 100 метрге шалқалай жүзуде 7-орын алған болатын.
Мексикада тағы бір жүлдені Риодағы Паралипиада ойындарының жеңімпазы Зулфия Ғабидуллина жеңіп алды. Ол 100 метрге еркін әдіспен жүзуде күміс медаль еншіледі.
kaz.vesti.kz
05 желтоқсан 2017 ж. 1 352 0