Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіпқой бокстан кетуді жоспарлап жүрген Головкин жеке бизнесін ашып алды

Кәсіпқой бокстан кетуді жоспарлап жүрген Головкин жеке бизнесін ашып алды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өзінің "GGG Үш есе қуат" атты энергетикалық сусынын шығармақ деп хабарлайды Vesti.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кәсіпқой бокстан кетуді жоспарлап жүрген Головкин жеке бизнесін ашып алдыГЕННАДИЙ ГОЛОВКИН. ФОТО: ALAU-TV
Жаңа сусынның шығарылуына байланысты Головкиннің командасы промо-ролик дайындаған. Кадрда көрінгендей, сусын 500 миллилитр көлемінде болады. Instagram қолданушылары бұл сусынды Астананың дүкендерінен сатып алуға болатынын жазуда.
Айта терлігі, жақында америкалық Jordan спорттық киім бренді Головкиннің құрметіне шығарылған киім топтамасын көрсеткен болатын. Қазақы ою-өрнек, боксшының жиі айтатын "Big Drama Show" сөзі және GGG таңбасы киім дизайнының негізі болды.
Сонымен қатар, Головкиннің құрметіне Hublot швейцариялық сағаттардың өндірушісі де өз топтамасын шығарған.
22 қараша 2017 ж. 1 338 0