Күз-қыс сәні 2017-2018: бас киімдер
Күз-қыс 2017-2018 топтамасында көрсетілген бас киімдердегі негізгі екпін ерекше пішінге және түске қойылған. Дизайнерлер бас киім максималды түрде сәнді әрі жылы болуы үшін тырысқан. Қалпақ Дизайнерлер күз-қыс мезгіліндегі бас киімдер әртүрлі болуы үшін қалпақтың барлық түрін естеріне түсірген секілді. Көптеген сән үйлері классикалық кең жиекті қалпақ түрін таңдаған. Бұл мезгілге сәйкес болуы үшін қалпақтың жұмсақ киізден немесе қалың жүнді түрін таңдаңыз. Тоқылған бас киім Күз-қыс мезгілі – тоқылған киімдер уақыты. Подиумдардан тоқылған бас киімдер де көптеп кездесті. Олардың домалақ түйіншекті, өрнекті, жұқа немесе ірі өріммен тоқылған секілді түрлері көрсетілді. Оларды классикалық пальтомен немесе күнделіктіге ыңғайлы күрткелермен киюге болады. Орамал Gucci, Antonio Marras және Moschino сән үйлері орамалды әйел гардеробындағы ерекше элемент ретінде көрсетті. Дизайнерлер орамалды басқа тартудың түрлі әдістерін ұсынды. Дәстүрлі «әжелердің» әдісі секілді орау, тюрбан секілді тағу немесе жалпақ жолақ ретінде арт жағынан байлау секілді түрлері көрсетілді. Үлбір бас киім (аң терісінен жасалған бас киім) Жылы үлбір бас киіммен аязды күні батыл жүре бере аласыз. Алайда оның құлағы бар түрі емес, түрлі ашық түсті және ерекше пішінді түрлері сәнде екенін ескеріңіз. Француз береті Дөрекілікті ұмытып, нәзіктікке оралу – сәндегі жаңа айналым. Сондықтан да күз-қыс 2017-2018 топтамасында нәзік француз береттері трендке айналды. Christian Dior, Elisabetta Franchi, Giorgio Armani сән үйлерінің береттері қатаң күзгі киімдерді өзгертіп жіберді. Кепке Подиумда дөрекі бәтеңкелермен бірге сәнді кепкелер көретілді. Егер ондай аяқ киімді ұнатпасаңыз, биік өкшелі немесе жай табанды аяқ киімдермен де кие аласыз. Капюшон бас киім Күз-қыс 2017-2018 мерзімінде шынымен де жылы бас киімдер көрсетілді. Көрсетілімдерден орын алған тоқылған капюшон бас киімдер ашық трендке айналды. Олар жылы болуымен қатар кез келген киіммен үйлесім тауып кетеді.
Толығырақ: https://massaget.kz/kyizdarga/sn/49153/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз