Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бренд атауларының дұрыс айтылуы

Бренд атауларының дұрыс айтылуы


Azzedine Alaïa – француз дизайнері. Әдетте оның латын әрпімен жазылған фамилиясы қиындық тудырады. Ол Аззедин Алайя деп айтылады. Balenciaga – Баленсиага деп оқылады. Balmain – ағылшынша «Бальмэйн» деп оқылғанмен, бренд француз дизайнері Пьера Бальманың құрметіне аталған. Яғни, Бальман деп айтқан дұрыс болады. Chloé – Клоэ деп айтылады және екпінді «э» әрпіне қойған дұрыс. Christian Lacroix – брендтің атауы Кристиан Лакруа деп айтылады, екпінді соңғы буынға беріп, тұтыққан секілді «р» әрпі айтылмайды. Christian Louboutin – қызыл табанды аяқ киімімен танымал дизайнердің аты Кристиан Лубутан деп айтылады. Көпшілік бұл брендті «Лабутен», «Лабутин», «Лобутан» деп айтып, шатасып жатады. Givenchy – дизайнер Юбер Живанши құрған сән үйі. Сәйкесінше, Живанши деп айту керек. Guy Laroche – француз дизайнерін Ги Ларош деп айту дұрыс болып саналады. Алайда көпшілік оны «Гай» деп айтып жатады. Hermés – бұл бренд атауын Эрме деп жиі айтып жатады. Ол дұрыс сияқты көрінгенімен («с» әрпі француз транскрипциясында оқылмайды), бұл жағдайда Эрмес деп айтылуы керек. Hervé Léger – бандаж көйлегімен атақты болған француз бренді. Ол Эрве Лэже деп айтылады. Lanvin – бірден Ланвин деп айтқымыз келеді, алайда ол Ланван деп айтылады. Louis Vuitton – бұл брендті Луи Вьюттон немесе Луи Вуиттон емес, Луи Виттон деп дұрыс айтылады.

Толығырақ: https://massaget.kz/kyizdarga/sn/49024/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
10 қараша 2017 ж. 1 981 0

Соңғы жаңалықтар

ЖОЛДЫҢ ЖАЙЫН ЖҮРГЕН БІЛЕР

ЖОЛДЫҢ ЖАЙЫН ЖҮРГЕН БІЛЕР

08 желтоқсан 2023 ж.
Экономикада өсім бар

Экономикада өсім бар

08 желтоқсан 2023 ж.

Қоғам

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9157) 1-2

05 желтоқсан 2023 ж.

№96 (9157) 3-4

05 желтоқсан 2023 ж.

№95 (9156)

02 желтоқсан 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам