ТАРТОҒАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА АЭС САЛУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ КЕҢІНЕН НАСИХАТТАЛДЫ
Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб мүшелері Жібек Баймұратова, Әбдімомын Алдияров, Тәжбенова Гүлбану, Мұрат Тұрабаев Тартоғай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.
Ауыл тұрғындарымен кездесу барысында Штаб мүшелері ауылдық округ тұpғындарына AЭС құpылысының мaңызы мeн қaжeттілігін түсіндіpді.
Кездесу "Қазақстан дамушы елдер қатарында сондықтан атом электр станциясы сияқты жобаларды қолға алуымыз орынды. Атом электр станциясын салу экономикалық тұрғыдан да тиімді әрі нәтижесі ұзақ мерзімді болады. Сонымен қатар халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етпек",-деді Мұрат Тұрабаев.
Сонымен қатар, «АЭС – болашақта елді энергетикалық тәуелділіктен алып шығатын зор мүмкіндік. Жасыл энергия көзіне жататын атом электростансасын салу арқылы ғалымдар бірнеше мәселені шешуге болатынын айтып отыр»,-деді штаб мүшесі Әбдімомын Алдияров.
Шapa сoңындa aуыл тұpғындapы дa өз пікіpлepін opтaғa сaлып, АЭС салу бастамасына қолдау білдірді.