Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Халықтық штаб ауданның кәсіпкерлері және белсенді жастарымен кездесу өткізді

Халықтық штаб ауданның кәсіпкерлері және белсенді жастарымен кездесу өткізді

Бүгін, 10 қыркүйекте АЭС құрылысын қолдау жөніндегі халықтық штаб мүшелері ауданның кәсіпкерлері және белсенді жастарымен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Халықтық штаб мүшелерінің айтуынша, АЭС - жастардың болашағы үшін маңызды әрі әлеуетті жоба. Елде атом электр станциясы бой көтерсе, онда жаңа жұмыс орны ашылып, экологияға зиянсыз энергия қуатына қолжеткізеді.
- Атом электр станциясының құрылысы Қазақстан экономикасы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Нақтыласақ, энергетикалық және өнеркәсіптік өндірісті дамытуға ықпал етеді, заманауи технологияларды енгізіп, қоршаған ортаға зиянды заттардың шығарындыларын азайту арқылы экологиялық жүктемені азайтады. Айта кетейік, атом электр стансасы 60 жылдан астам уақыт бойы тұрақты энергиямен қамтамасыз етеді, - дейді штаб мүшесі Д.Аман.
10 қыркүйек 2024 ж. 189 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

№79 (9346)

18 қазан 2025 ж.

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031