Топ-баннер
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АХАТ БӨЛІМІ МАМАНДАРЫ МЕН МУЗЕЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ТҮСІНДІРІЛДІ

АХАТ БӨЛІМІ МАМАНДАРЫ МЕН МУЗЕЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ТҮСІНДІРІЛДІ


 «Руханият» орталығы ғимаратында аумақтық коалиция жетекшісі Мұрат Тұрабаев, коалиция мүшелері Жібек Баймұратова, Нұргүл Шалекеева, Сәбитхан Досанов, Гүлдана Жақыпова және Ержан Әбдешов Жаңа Конституция жобасын түсіндіру мақсатында кездесу өткізді. Кездесуге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының Шиелі аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мамандары мен музей қызметкерлері қатысты.

Жиын барысында Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету және қоғам мен мемлекет арасындағы жауапкершілікті нығайту мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Әсіресе, мемлекеттік корпорация қызметкерлері тарапынан халыққа көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған конституциялық нормалардың маңызы атап өтілді. Жаңа Конституция жобасының азаматтардың әлеуметтік кепілдіктерін нығайтуға және мемлекеттік институттардың жауапкершілігін арттыруға бағытталғаны ерекше айтылды.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өз ұсыныстары мен сұрақтарын ортаға салды. Қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Жаңа Конституция жобасының маңыздылығы мен оның ел дамуына қосатын үлесі жан-жақты талқыланды.

19 ақпан 2026 ж. 68 0