Топ-баннер
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАРЛАНҒАН ҚҰЖАТ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАРЛАНҒАН ҚҰЖАТ

Бүгін республикалық коалиция мүшесі, мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов және аумақтық коалиция өкілдері Мұрат Тұрабаев, Жібек Баймұратова, Болат Сүлейменов, Нұрболат Пірімбет, Айнұр Архабаева, Біржан Өтебай, Азамат Қали, Ержан Әбдешов, Бағдәулет Мәліков Шиелі индустриалды – аграрлық колледжі студенттерімен кездесіп, жаңа Конституция жобасы таныстырды.

Жиын барысында спикерлер Конституция жобасында адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейту, заң үстемдігін қамтамасыз ету, мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен есептілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылғанын атап өтті. Сонымен қатар, жастардың сапалы білім алуына, еңбек етуіне, кәсіпкерлік бастамаларын жүзеге асыруына және қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуына бағытталған нормалар түсіндірілді.
Жалпыұлттық коалиция мүшесі, мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов кездесу барысында жастардың ел болашағын айқындайтын негізгі күш екенін атап өтті. Ол жаңа Конституция жобасында жастардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше мән берілгенін жеткізді. Спикердің айтуынша, Ата Заң жобасы жастардың сапалы білім алуына, еңбек етуіне, кәсіпкерлікпен айналысуына және қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуына конституциялық негіз қалыптастырады. Сонымен қатар, жастардың бастамаларын қолдау, олардың әлеуетін дамыту және мемлекеттік шешімдер қабылдау процесіне тарту – басты басымдықтардың бірі екені айтылды.
Аумақтық коалиция өкілдері жаңа Конституция жобасы – әділетті әрі прогрессивті қоғам қалыптастыруға негіз болатынын айтып, жастарды ел болашағына жауапкершілікпен қарап, реформаларды қолдауға шақырды.
18 ақпан 2026 ж. 71 0